Эссе және өлең-жыр байқауы

Федор Достоевский

Достоевский Федор Михайлович – орыс жазушысы, Санкт-Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1877). Ол 1821 жылы он бірінші қарашада Мәскеу қаласында туған. 1843 жылы Санкт-Петербург әскери-инженерлік училищесін бітіреді. 1847 жылдан Михаил Петрашевскийдің қоғамына қатысқаны үшін 1849 жылы қамауға алынып, өлім жазасына кесіледі. Бұл жаза каторгамен ауыстырылып, 1850 – 54 жылдары Омбыда айдауда, кейін қатардағы солдат болды. 1854 жылы Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысады, бұл таныстық Семейдегі кездесулерден соң үлкен достыққа айналды. 1859 жылы Достоевский Тверь, кейіннен Санкт-Петербург қаласында тұруға рұқсат алады. Өз ағасы Михаил Достоевскиймен бірге 1864 жылға дейін «Время» (1861 – 63) және «Эпоха» (1864 – 65) журналдарын шығарып тұрды. 1862 – 63 және 1867 – 71 жылдары шет елде болды. 1873 – 74 жылдары князь Владимир Мещерский шығарып тұрған «Гражданин» журналының редакторы болды. Достоевскийдің «Бейшаралар» (1846 қазақшаға 1955 жылы Сәйділ Талжанов аударған) атты алғашқы романы оның шығармашылық қуатын танытты. Кейінірек, «Қор болғандар мен қорланғандар» (1861), «Өлі үйден хаттар» (1861 – 62) романдары жарық көрді. Достоевский «Ойыншы» (1866), «Қылмыс және Жаза» (1866, қазақшаға 1972 ж. Мұхтар Жанғалин аударды), «Нақұрыс» (1868, қазақшаға 1984 ж. Нияз Сыздықов аударған), «Албастылар» (1871 – 72), «Жасөспірім» (1875). «Ағайынды Карамазовтар» (1879 – 80) романдарын жазды. Жазушы шығармалары адамның ішкі дүниесіндегі қайшылықты ашып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге психологиялық талдау жасайды. «Жазушының күнделігі» (1871 – 81), «Пушкин туралы сөз» (1880), т.б. әдеби-сын еңбектерінің әлемдік эстетика тарихында алар орны ерекше. Уәлихановпен достығы туралы Достоевский «Жазушының күнделігінде» жазған, екеуінің жазысқан хаттары сақталған. Жазушы 1881 жылдың тоғызыншы ақпанында Санкт-Петербург қаласында қайтыс болған. Семейдегі 1857 – 59 жылдары тұрған үйінде Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы (1971) бар.


Нақыл сөздері

Мейлі, ақтай беріңдер, мейлі, жазаламай-ақ қойыңдар, бірақ зұлымдықты зұлымдық деп өзінің атымен атаңдаршы.

Ілмектер: зұлымдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский

Өзінің ақымақ екенін түсінген ақымақ — ақымақ емес.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский

Жақсы ойлар тамаша сөзден артық саналады. Сөз дегеніміз, былайша айтқанда, сырт киім; ой — киімнің астында жасырынған дене.

Ілмектер: ой, сөз, нақыл, афоризм Федор Достоевский

Кей адам күлкісімен әбден сыр алдырып қояды, сіз табан астында оның бүкіл қатпар-қалтарыстарын біліп аласыз. Тіпті даусыз ақылды күлкі де кейде жиіркенішті болады. Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.

Ілмектер: күлкі, адам, сыр Федор Достоевский

Мысқылды, аллегорияны, әзілді түсінуден қалу – жаман ырым.

Ілмектер: мысқыл, әзіл Федор Достоевский

Адам жақсы күледі екен — демек, жақсы болғаны.

Ілмектер: адам, күлкі, күлкі туралы нақыл сөздер Федор Достоевский

Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.

Ілмектер: күлкі, шынайылық, күлкі туралы нақыл сөздер Федор Достоевский

Жарасымды әзіл - тереңдіктің белгісі.

Ілмектер: әзіл Федор Достоевский

Шектен тыс өзімшілдікке бой ұру - өзіңді сыйлағандықтың белгісі емес.

Ілмектер: сыйлау, өзімшілдік Федор Достоевский

Сұлулық әлемді құтқарады.

Ілмектер: сұлулық Федор Достоевский

Еш нәрсе істемеуге болатын кездің қандай екені миыма кірмейді.

Ілмектер: ештеңе, іс, ми Федор Достоевский

Балаларды тәрбиелеу - еңбек әрі борыш.

Ілмектер: бала, тәрбие, еңбек, борыш Федор Достоевский

Сіз үшін бәріне дайын адамға қиянат жасамаңыз.

Ілмектер: қиянат, адам Федор Достоевский

Оқы және үйрен. Маңызды кітаптарды оқы. Қалғанын өмірдің өзі түсіндіріп береді.

Ілмектер: кітап, оқу, үйрену, өмір Федор Достоевский

Әр халық өз тілін жетік меңгеріп алса, бөтен тілді де еш қиындықсыз меңгере алатыны анық.

Ілмектер: халық, тіл Федор Достоевский

Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.

Ілмектер: ақыл, мінез, мейірім, мейірімділік, жүрек Федор Достоевский

Саған шынымен ең жақын адам - ол, сенің өткен өміріңді білетін, болашағыңа сенетін, қазіргі жағдайың қандай болса дәл солай қабылдайтын адам.

Ілмектер: сенім, махаббат Федор Достоевский