Эссе және өлең-жыр байқауы

Асқар Сүлейменов

Асқар Сүлейменов (29 желтоқсан 1938, Шолаққорған елді мекені, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы – 15 мамыр 1992, Алматы) – жазушы, әдебиет сыншысы, драматург.

1959 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университеті) бітірген.
1962 жылы ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университеті) аспирантурасын бітірген.
1961 жылы алғашқы сын мақаласы “Жол басы” “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде жарияланған.

Шығармалар

“Бесін” (1970)

“Адасқақ” (1988)

“Бесатар” (1996) прозалық шығармалары

“Арғымақ пен шабандоз”

“Кек” (1978, 2002) драмалық жинағы

“Парасат падишасы” (1998)

“Болмыспен бетпе-бет” (2001) сыни-эстетикалық еңбектері, әдебиет пен өнер турасында жүзден астам мақалалары жарық көрген.



Нақыл сөздері

Бабы мен бағы бұққан тұяқ та бір – ойға суарылмаған әуен мен әуез де бір: нені айту бір пара, қалай айту бір пара, кімге айту, қашан айту бір пара.

Ілмектер: әуен, әуез, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Қазақтай психофизикалық типтің азасын «Жігердей» кемерлейтін күй, «Қаракесектей» шыңғыртар ән жоқ.

Ілмектер: күй, ән, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Пьеса – құндақтаулы сәби: оның қандай азамат болып өсіп шығары режиссерге байланысты.

Ілмектер: пьеса, режиссер, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Абайда ашу шақырар орам көп. Кейіс шақырар бір орамы: «...қазақ та адам баласы ғой».

Ілмектер: Абай, қазақ, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Сөйлемдегі өмір мен сөйлемнің өмірі бірікпегесін – тірі тіркес тумайды. Өмірдің тамыр солқылы мен сөйлемнің тамыр солқылын лингвистикалық проза ғана қоса алады.

Ілмектер: сөйлем, проза, лингвистика, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Бала – тапқандікі емес, бала – қаққан мен баққандікі.

Ілмектер: бала, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Кәміл болу қиын, бірақ ой қашады: халық – екі ұғымның құлы: кеткен мен келердің.

Ілмектер: Кәміл, халық, құл, ой Асқар Сүлейменов

Қазақтың радиомаразмы: «махаббаттың сүйіспеншілігіне бөленіп...».

Ілмектер: радио, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Алған ұмытар, берген ұмытпайды. Қазақстанның психологиялық халі: аз да болса алғанын ұмытпайды, мол болса да бергенін ұмытады. Кең қолтықтың бір ірілігі.

Ілмектер: нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Қит етсе болды, Америкалап шыға келетін аура етек алды. Бұл өзі мегежіннің інгенмен бой салыстырғанындай.

Ілмектер: Америка, нақыл, салыстыру, афоризм Асқар Сүлейменов

Білмеген мін емес, білместікке көнген мін.

Ілмектер: білу, білім, мін, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды.

Ілмектер: өтірік, кешірім, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Ай айнасын бұлт басса, жан айнасын мұң басқан.

Ілмектер: мұң, жан Асқар Сүлейменов

7 сөздің басын әзер қосарға 70-ақ сөзден тұратын сөйлем тағылық көрінеді. Мұнысы дұрыс та: ешкі – танауына алма сыяр алпауыттың қарымын қайдан түсінсін.

Ілмектер: сөз, сөйлем Асқар Сүлейменов

От пен түтін, адам мен қылмыс – жатырлас.

Ілмектер: от, түтін, адам, қылмыс Асқар Сүлейменов

Қаланың паспорты – такси мен базар.

Ілмектер: қала, паспорт, такси, базар Асқар Сүлейменов

Ашық айту - анық айту болғанымен, ақиқатты айту емес.

Ілмектер: ақиқат, ашық айту Асқар Сүлейменов

Стилі жоқтың жазғанын оқу - арпа талқанды құрғақ асағандай. Стильсіз жазушы, стилін таба алмаған жазушы - іріге еліктеп көлеңке калькаға барады да, сорпаның сорпасының сорпасы болады.

Ілмектер: жазушы, стиль Асқар Сүлейменов

Тірлік кешкен адамның сол тірліктен алып кетері – жат тізені кеудесіне шығармау.

Ілмектер: тірлік, адам, нақыл сөздер Асқар Сүлейменов

Тәрбиенің еркіндігі - еркіндікпен тәрбиелеу.

Ілмектер: тәрбие, еркіндік Асқар Сүлейменов