Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Қазыбек Келдібекұлы

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.


Нақыл сөздері

Құт берекең - атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.

Ілмектер: Қазыбек би, ата, апа, әке, ана, туыс Қазыбек Келдібекұлы

Бір бала бар — атасына жете туады,
Бір бала бар — атасынан өте туады,
Бір бала бар — көтінен кері кете туады.

Ілмектер: бала, ата Қазыбек Келдібекұлы

Тату болса – ағайын жақын,
Адал болса – дос жақын.

Ілмектер: ағайын, адал, дос, татулық Қазыбек Келдібекұлы

Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.

Ілмектер: байлық, мұрат, кедейлік, ұят Қазыбек Келдібекұлы

Атадан жақсы ұл туса – елінің зоры болады,
Атадан жаман ұл туса – адам біткеннің қоры болады.

Ілмектер: ата, ұл, ел Қазыбек Келдібекұлы

Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.

Ілмектер: ел, ер Қазыбек Келдібекұлы

Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,
Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.

Ілмектер: ауру, ажал Қазыбек Келдібекұлы

Адал болса – досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағын шөберең жақын,
Туып өскен – елің жақын.

Ілмектер: адал, дос, ел, немере Қазыбек Келдібекұлы

Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.

Ілмектер: отан, ұят, ар, қымбат, ата, ана Қазыбек Келдібекұлы

Ұят қымбат, ар қымбат,
Жаның сүйген жар қымбат.

Ілмектер: жар Қазыбек Келдібекұлы