Дональд Трамп

Дональд Джон Трамп (ағылш. Donald John Trump; 14 маусым 1946 жылы, Куинс, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық бизнесмен, АҚШ теле-радио саласында атақты тұлға, жазушы. Сонымен қатар АҚШ-тағы ірі құрылыс Trump Organization компаниясының президенті және әлем бойынша казино мен отельдері бар Trump Entertainment Resorts компаниясының негізін қалаушы. Трамп әдеттегіден тыс өмір сүру стилімен және ашық сөйлесу мәнерінің арқасында аса танымал.


Нақыл сөздері

Ағысқа қарсы жүзгенде ғана ең биік жетістікке жетесіз.

Ілмектер: жетістік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дональд Трамп

Ойланатын қабілетіңіз барда ауқымды ойланып алыңыз.

Ілмектер: ойлану, қабілет, нақыл, афоризм Дональд Трамп

Ең қарапайым тәсілдер нағыз тиімдісі болып шығады.

Ілмектер: тәсіл, нақыл, афоризм Дональд Трамп

Мен жолы болмайтындарды жек көремін.

Ілмектер: Дональд Трамп, жолы болу Дональд Трамп

Кейде ең жақсы инвестиция — сен салмаған инвестиция.

Ілмектер: инвестиция, Дональд Трамп Дональд Трамп

Көпшілік маған ойынқұмар адам сияқтысың дейді, бірақ мен өмірі құмар ойынына жолап көрмегенмін. Ойынқұмар казинода ойын автоматтарының қасынан шықпайды. Ал мен сол автоматтардың иесі болғанды қалаймын.

Ілмектер: Дональд Трамп, ойынқұмар, казино Дональд Трамп

Мен Қытайды жек көреді дегенді кім шығарып жүр? Бұрын бір қытайға 15 миллионға үй сатқан едім. Осыдан кейін оның елін қалай жек көре аламын?

Ілмектер: Дональд Трамп, Қытай Дональд Трамп

Менің ойымша АҚШ-тың ең басты проблемасы — тым саяси сыпайы болып көрінгісі келетінінде.

Ілмектер: АҚШ, Дональд Трамп, саяси, сыпайы Дональд Трамп

Абортқа қарсы екенімді қуанышпен хабарлаймын.

Ілмектер: Дональд Трамп, Аборт Дональд Трамп

Біз жақсы адамдардың саясатта жолы болмайды деген түсінгі бар әлемде өмір сүріп жатырмыз.

Ілмектер: Дональд Трамп, жақсы, саясат, Әлем, Қоғам Дональд Трамп

Мен әрқашан қол беріп амандасамын және солай амандасқанды жақсы көремін. Қол беріп амандасуды ұнатпай саясаткер болу мүмкін емес қой.

Ілмектер: саясаткер, Дональд Трамп, амандасу Дональд Трамп

Балаларыңа өздері таппаған байлықтың салмағын салып қажеті жоқ. Бұл олардың өміріне балта шабады.

Ілмектер: Дональд Трамп, бала, байлық, Өмір Дональд Трамп

Жақсы идеяны ойлап тауып, оны іске асырмағаннан артық қылмыс жоқ

Ілмектер: идея, іске асыру, қылмыс Дональд Трамп

Ешқашан еңбек демалысын алмаңдар. Егер жұмыс ләззат сыйламаса, демек өздеріңе керек емес жерде жұмыс істеп жүрсіңдер.

Ілмектер: еңбек, демалыс, жұмыс Дональд Трамп

Менің ұраным: үздіктерді жұмысқа ал, бірақ оларға ешқашан сенбе.

Ілмектер: ұран, жұмыс, үздіктер Дональд Трамп

Егер сенің бастығың нашар адам болса, онда оны жұмыстан шығарып жібер. Басқа жұмыс тауып ал.

Ілмектер: Дональд Трамп, жұмыс, бастық Дональд Трамп

Тек жолы болмайтындар ғана жеңіске масаттанады

Ілмектер: жеңіс, масаттану Дональд Трамп

Егер менікі дұрыс болмаса, ешқашан кешірім сұрауға арланбаймын.

Ілмектер: кешірім сұрау, ар Дональд Трамп

Мен бизнеске шығармашылық тұрғыдан қараймын. Біреулер сурет салады, біреулер өлең жазады. Ал менің жасаған келісім-шарттарым өнер туындысы сияқты.

Ілмектер: бизнес, өнер Дональд Трамп

Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз.

Ілмектер: жұмыс, уақыт, демалыс, есеп, байлық Дональд Трамп







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)