Өлең, жыр, ақындар

Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші, композитор.

Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор.

Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Жігіттің көз тоқтаттық қандайына:
Шешеннің тәңір берген таңдайына.
Батырдың қайрат берген жүрегіне,
Малдының ырыс берген маңдайына

Ілмектер: ырыс, жігіт, батыр, қайрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар,
Жаманға бітсе дәулет әуе айналар.
Басына ер жігіттің іс түскенде,
Арасы қас пе достың абайланар.

Ілмектер: жақсы, дәулет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қас, дос Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жалқауға – сөз, жаманға – таяқ өтпес.

Ілмектер: жалқау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, таяқ Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Шірімес алтын жерде жатқанымен,
Оқ өтпес ажалсызға атқанымен.

Ілмектер: алтын, оқ, ажал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Алтынды орағанмен жез болмайды,
Жібекті жуғанменен бөз болмайды.
Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай,
Жаманның көкейінде көз болмайды.

Ілмектер: жаман, алтын, жібек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен,
Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.
Көнбейді жаман адам ынтымаққа,
Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

Ілмектер: пайда, ынтымақ, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Адамға сырттан ғайбат жарамайды.

Ілмектер: ғайбат, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жай жату – тек бүгінгі жанның қамы.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ақан Сері Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Дүние жеткізбейді ойласаң да,
Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да.

Ілмектер: дүние, артық, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Мылтық - оқудан соңғы өнер.

Ілмектер: өнер, оқу, білім, нақыл, афоризм Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Ердің көркі - дәулет.

Ілмектер: ер, көрік, дәулет Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Қарап көріңіз