Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып түзілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады.

Ілмектер: халық, тіл, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.

Ілмектер: сөз, сөйлеу, тіл Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.

Ілмектер: тіл, қару, адам Ахмет Байтұрсынұлы

Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.

Ілмектер: тіл, бала, қазақ тілі, орыс тілі, ана тіл Ахмет Байтұрсынұлы

Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.

Ілмектер: қазақ, ұлт, тіл Ахмет Байтұрсынұлы

Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.

Ілмектер: оқу, кітап, бала Ахмет Байтұрсынұлы

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

Ілмектер: тіл, ұлт, сөз, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Өзгелер бас қосуымызға сенімсіз көзбен қарайтын болса, оларға көмекші өзімізден табылар. Ағашты кесетін балта, балтаның сабы ағаш. Соның мысалы басқа нәрселерде де бар. Адал кәсіппен күн көре алмайтын я арам жемесе, басы ауыратын иттер қай жерде дс болса табылады. Айтпағанды айтты деп, етпегенді етті деп оттайтын хайуандар әсіресе біздің қазақта көп.

Ілмектер: адал, кәсіп, арам Ахмет Байтұрсынұлы

Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,
Маған қиын осылардың бəрінен,
Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны...

Ілмектер: сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз, Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлы

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – гөр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.

Ілмектер: өлім, жұрт, ел Ахмет Байтұрсынұлы

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.

Ілмектер: тіл, адам, ұлт Ахмет Байтұрсынұлы

Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.

Ілмектер: адам, білім Ахмет Байтұрсынұлы

Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады.

Ілмектер: сауат, адам, жазу Ахмет Байтұрсынұлы

Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.

Ілмектер: оқу, бай, кәсіп, жұмыс, бірлік, керек Ахмет Байтұрсынұлы

Құлақ екеу, ауыз біреу.
Ол не үшін бұлай?
Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай.
Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай?
Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай.
Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай?
Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай.

Ілмектер: сөйлеу, көру, жаратқан, құлақ, көз Ахмет Байтұрсынұлы

Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп…

Ілмектер: әдебиет, мiнез, мақтаныш Ахмет Байтұрсынұлы

Бай болу үшін – кәсіп керек!

Ілмектер: бай, кәсіп Ахмет Байтұрсынұлы

Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.

Ілмектер: отан, қадір Ахмет Байтұрсынұлы

Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.

Ілмектер: тарих Ахмет Байтұрсынұлы

Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!

Ілмектер: жұмыс, сылтау Ахмет Байтұрсынұлы

Қарап көріңіз