Асан қайғы

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін.

Ілмектер: қадір, қасиет, сана, су, ел, нақыл, афоризм Асан қайғы

Көшіп-қонып көрмеген - жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген - жұрт қадірін не білсін?!

Ілмектер: жер, қадір, жұрт, нақыл, афоризм Асан қайғы

Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың,
Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың.

Ілмектер: жамандау, нақыл, афоризм Асан қайғы

Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың,
Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың,
Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың.

Ілмектер: нақыл, афоризм, жамандау Асан қайғы

Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса.

Ілмектер: әділдік, ақыл Асан қайғы

Ғылымның қандай пайдасы - білместі жолға салмаса.

Ілмектер: ғылым, білім Асан қайғы

Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.

Ілмектер: топ, адасу, мінез, өзімшілдік, менмендік Асан қайғы

Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.

Ілмектер: бақыт, дәулет, ер Асан қайғы

Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,
Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.

Ілмектер: ер, есеп, сөз, көңіл Асан қайғы

Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.

Ілмектер: заман, сөз, ғаріп Асан қайғы

Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.

Ілмектер: қанағат, жамандау Асан қайғы


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)