Өлең, жыр, ақындар

Рамсей Макдональд

Джеймс Рамсей (Рамси) Макдональд (ағылш. James Ramsay MacDonald; 12 қазан 1866 жыл, Лоссимут, Шотландия — 9 қазан 1937 жыл) — Ұлыбританияның мемлекет және саяси қайраткері, Лейбористік партия басшыларының бірі. 1924,1929-1931 жылдары лейбористік үкіметтің премьер-министрі.

1931 жылы ұлттық коалициялық деп аталатын үкіметі басқарып, Томаспен және Сноуденмен бірге Ұлттық-лейбористік партияны құрды. Макдональд Дауэс жоспарының қабылдануына жағдай жасады. Макдональд үкіметті 1929 жылы Слвет үкіметімен дипломатиялық қатынасты қалпына келтірді. Макдональд консерваторлардың отарлау саясатын жалғастырып, Үндістандағы, Ирандағы, Англияның тағы басқа да отарларындағы ұлт-азаттық қозғалысынбасып жаншылды.


Нақыл сөздері

Бізге соғыс деген — өлім дейді. Жоқ, соғыс — өз-өзін өлтіру.

Ілмектер: соғыс, нақыл, қанатты сөздер Рамсей Макдональд

Қарап көріңіз