Өлең, жыр, ақындар

Константин Циолковский

Циолковский Константин Эдуардович (5(17).9.1857, Ресей, Рязань губерниясы, Ижевское ауылы — 19.9.1935, Калуга қаласы) — осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған ғалым. Жас кезінде ауыр науқастанып, есту қабілетінен мүлдем айрылған.

— 1880 жылдан Боровскідегі уездік училищеде математика және физика пәндерінен сабақ берді.
— 1885 жылдан басқармалы тұтас металл дирижабльді, металл қаңқалы (каркасты) ұшақ-монопланды жобалаумен әрі олардың теор. мәселелерімен айналысты.
— 1897 жылы Ресейде тұңғыш рет аэродинамикалық құбырды жасап, қарапайым модельдерді сынаудан өткізді. Бірақ Циолковскийдің техникалық идеялары патшалық Ресейде жүзеге аспады. Қазан төңкерісінен кейін Циолковскийдің еңбектері кеңес өкіметі тарапынан жан-жақты қолдау тапты. Циолковскийдің негізгі ғылыми еңбектері реактивті қозғалысқа, космонавтиканы және ракета жасауды дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға, көп сатылы ракета түрін жасауға, ракеталық отын түрлеріне, сұйық отынды ракеталық қозғалтқыш мәселесіне, планетааралық қатынастың даму болашағына арналған.

1924 жылы Циолковскийге Н.Е. Жуковский атынд. Әуе флоты академиясының құрметті профессор атағы берілді. КСРО ҒА планетааралық қатынас саласындағы үздік еңбектері үшін берілетін К.Э. Циолковский атынд. Алтын медалін белгіледі. Айдың көрінбейтін жағындағы кратердің бірі Циолковский есімімен аталады.


Нақыл сөздері

Табиғаттағы барша кітапты басынан аяғына дейін ешкімнің де түгел оқуы мүмкін емес. Болмыстың мақсаты: оны мүмкіндігінше ұзағырақ ұмытпау.

Ілмектер: табиғат, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Константин Циолковский

Қарап көріңіз