Өлең, жыр, ақындар

Роберт Кийосаки

Роберт Тору Кийосаки (Robert Toru Kiyosaki) — американдық бизнесмен, инвестор, жазушы әрі ұстаз. Көбінесе өзінің атақты «Жарлы әке, Кедей әке» аты кітабының арқасында танымал болды. 26 млн данамен сатылған 15 кітаптың авторы болып саналады. Финанстық жоспар негіздерін үйрететін «Ақша ағысы 101», кейнірек, «Ақша ағысы 202»атты әдістемелік методикаларын ойлап жасады.


Нақыл сөздері

Өмір ақша мен уақыттың ойынынан тұрады.

Ілмектер: өмір, ақша, уақыт, ойын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Кийосаки

Бастыққа немесе ірі компанияға жұмыс істеу ақша мәселесін шешпейді.

Ілмектер: бастық, компания, жұмыс, қаржы, ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Кийосаки

Бос уақытымды тиімді пайдаланғанымның арқасында мен қазір баймын.

Ілмектер: уақыт, бай, байлық, тиімділік, пайдалану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Кийосаки

Қазіргі күндегі ең басты қатер — әрекетсіздік.

Ілмектер: қатер, әрекетсіздік, күн, Роберт Кийосаки, афоризм, қанатты сөздер Роберт Кийосаки

Тамаша көлік пен үлкен үй сенің әлі жеткілікті бай немесе ақша табу икеміңнің мол екенін білдірмейді.

Ілмектер: ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Кийосаки

Ең кедей, ең бейшара, ең бақытсыз, ең сәтсіз адам – "ертең" сөзін көп қолданатын адам.

Ілмектер: кедей, бейшара, адам, ертең Роберт Кийосаки

«Мені ақша қызықтырмайды» немесе "әңгіме ақшада емес" деп кедей әкем айтатын, ал бай әкем: «Ақша — бұл билік» — деп өз пікірінен қайтпайтын.

Ілмектер: ақша, билік, әке, пікір Роберт Кийосаки

… Тыңдау сөйлеуден маңызды. Егер бұл шындық болмағанда біздің екі құлағымыз бен бір аузымыз болмас еді.Көп адам жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді тыңдап сосын пайдасына асырудың орнына аузымен ойлап, жағаласа береді. Сұрақ қоюдың орнына қарсы пікірін көп танытады.

Ілмектер: тыңдау, адам, пікір Роберт Кийосаки

Ақшаға деген құмарлық — бар жауыздықтың тамыры (Кедей әке),
Бар жауыздықтың тамыры — ақшаның тапшылығы (Бай әке).

Ілмектер: ақша, құмарлық, жауыздық Роберт Кийосаки

Үлгілі оқы, сосын беделді компанияда жұмыс істей аласың (Кедей әке),
Үлгілі оқы, сосын беделді компанияны сатып ала аласың (Бай әке).

Ілмектер: оқу, компания Роберт Кийосаки

Сен мені жылытсаң, мен саған отын саламын. (қатаған суықта пештің алдында отырған адам)

Ілмектер: адам Роберт Кийосаки

Мектептер сенімді жұмысшыларды дайындайды, жұмыс берушілерді емес.

Ілмектер: мектеп, жұмысшы, жұмыс Роберт Кийосаки

Ақша — биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш.

Ілмектер: ақша, қаржы, сауат Роберт Кийосаки

Шөже шөжені алыстан таниды.

Ілмектер: тану Роберт Кийосаки

Тәуекелдің әр кез алдыңнан шығатыны рас, одан қашқақтаудың орнына, оны басқаруды үйренейік.

Ілмектер: тәуекел, үйрену Роберт Кийосаки

… Бір рет те құламай, сәби жүруді үйренбейді, себебі біз жүруді құлай-құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды, себебі олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздікке жолағысы келмеген адамдар жетістікке де жете алмайды.

Ілмектер: құлау, қоғам, жеңілу, сәтсіздік, жетістік Роберт Кийосаки

Кедейлік пен борышқор болудың айырмашылығы бар, екіншісі уақытша болса, біріншісі өмір бойына.

Ілмектер: кедейлік, борышқор, өмір, уақытша Роберт Кийосаки

Ақылды адам өзінен де жетік адамды жалдайды.

Ілмектер: ақылды, адам Роберт Кийосаки

Актив — табыс алып келеді, пассив — сені кедей етеді.

Ілмектер: актив, пассив, табыс, кедей Роберт Кийосаки

Сын адамды қарық етеді, ал талдау керісінше адамның көзін ашады

Ілмектер: сын, талдау, адам, көз ашу Роберт Кийосаки

Қарап көріңіз