Өлең, жыр, ақындар

Есей би Алдамұратұлы

Есей Алдамұратұлы (1693-1740) Ұлы жүзден шыққан белгілі беделді би болған. (соңғы бір деректе есімі Есейхан деп аталады) Қазақ шежіресінде оның ата-тегі былай таратылады: Үйсін Бәйдібек батырдан Ысты руы, одан Ойық , Тілік рулары тарайтыны белгілі. Соның Ойығынан - Қызылқұрт, Аузы-үсіген, Көкшекөз, Сәтек келеді. Қызылқұрттан - Ұлан, Алдамұрат, Есіркеп туады. Есей Алдамұраттың бел баласы. Есей жас кезінен насат батыр тұлғалы, әрі ақылды, есті боп ер жетеді. Оны батырлыққа, ақындыққа, шешендіққе алғашқы баулыған өзінің батыр, би әкесі мен сол елдің анасы аталған үлкен әжесі, сол өңірдің алып тұлғалы батырлары, би-шешендері екен. Есей жігіт кезінде-ақ ел билігіне араласып, өзінің әділ де, алғыр, тапқыр сөзімен ел аузына ілігеді. Оның палуандығы, додапаздығы, мергендігі, ат бапкерлігі жөнінде аңыздар көп айтылады.

...Есей Алдамұратұлы Ысты, Ошақты, Дулат, Иса, Мұса елдерінде би болған. Ол аумалы-төкпелі заманда көшпелі халықтарды қоныстандыруға елеулі еңбек сіңірген. Жетісу, Шу, Талас өзендерінің, Шымкент, Ташкент, Түркістан, Сырдария бойларын түгел аралаған. Сыртқы (жоңғар, қоқан т.б.) шапқыншылығынан тоз-тоз болып кеткен елдің басын біріктірген.


Нақыл сөздері

Атаңның ботасын алма,
Батасын ал,
Бота өліп қалады,
Батадан бағың жанады.

Ілмектер: ата, бата Есей би Алдамұратұлы

Өсиетке терең бол,
Өсек сөзге керең бол.

Ілмектер: өсиет, өсек, сөз Есей би Алдамұратұлы

Қарап көріңіз