Өлең, жыр, ақындар

Майкл Джексон

Майкл Джо́зеф Дже́ксон (1958 жыл Гери, Индиана - 25 маусым, 2009 жыл) - АҚШ Американдық әнші, биші, музыкант, актер , филантроп, кәсіпкер, продюсер, композитор, хореограф.Оның ән жанрлары:поп-музыка, ритм-энд-блюз, соул, поп-рок, фанк, диско, пост-диско. Джексон 5 тобында жетекші вокалист болып өнер көрсеткен ол 11 жасында халықаралық танымал әнші бола бастады, артынша барша әлемге танымал атақты «поп-музыка королі» атанады. Ең кеңінен мойындалған Куинси Джонс продюсердің жетекшілігімен жазылған келесі үш альбомы болды: «ОФФ ЗЕ УАЛ» (1979), «ТРИЛЛЕР» (1982) және «БАД» (1987), соның ішіндегі «Триллер» Гиннесстің рекордтар кітабына тарихтағы ең жақсы сатылған диск ретінде енген. Джексон қоржынында 13 Грэмми марапаты бар, соншама рет оның әндері АҚШ сатылым чарты көш басшысы болды.Ол туралы жүрген өсек аяңдарға бас ұрмай өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп шыққан.Майкл балаларды жақсы көрген.Жағдайы мен денсаулығы нашар балаларға миллиондап ақша аударып отырған. Атақты жұлдыз 25 маусым күні 2009 жылы 50 жасында қайтыс болған.


Нақыл сөздері

Егер сен өзіңе сенімсіз болсаң, онда саған кім сенеді?

Ілмектер: сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майкл Джексон

Ерекше талант иесі болуың мүмкін, алайда дайындалмасаң, жаттықпасаң бәрі желге кетеді

Ілмектер: талант, дайындық, жаттығу Майкл Джексон

Өтірік сөз спринтте, шындық марафонда жүгіреді.

Ілмектер: өтірік, сөз Майкл Джексон

Қарап көріңіз