Өлең, жыр, ақындар

Шыңғыс хан

Шыңғыс хан (түр. Чингиз Хон; моңғ. Чингис хаан шын аты Тэмүүжин). Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған.


Нақыл сөздері

Тауда жоғалған нәрсені өзен түбінен іздемейді.

Ілмектер: іздеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шыңғыс хан

Қарапайым тұрғындар арасында бұзаудай момын, той-думанда асау тайдай сергек болыңдар. Ал, соғыста олжасына төнген аш қырандай ұрысқа атылыңдар

Ілмектер: соғыс, нақыл, момын, афоризм, той, думан Шыңғыс хан

Менің жеңгенім жеткіліксіз, қалған жауларым да жеңілуі тиіс.

Ілмектер: жеңіс, нақыл, афоризм Шыңғыс хан

Егер әркім өз пиғылын арамдық ойдан тазартатын болса, бүкіл ел ұры-қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді.

Ілмектер: пиғыл, нақыл, афоризм Шыңғыс хан

Саяхат жасаудың бір ұтымды тұсы - жаңа қалаларды аралап, жаңа адамдармен танысу мүмкіндігінде.

Ілмектер: саяхат, қала, адам, танысу Шыңғыс хан

Қалай жасау керектігін білсен, бәрі де оңай.

Ілмектер: оңай, білу Шыңғыс хан

Әрбір істің жаны - оның бітірілуінде.

Ілмектер: іс, жан Шыңғыс хан

Егер істі бастасаң - қорықпа,
Қорықсан - бастама.

Ілмектер: қорқу Шыңғыс хан

Жасырыну өнері қорғанысқа құрылған

Ілмектер: жасырыну, өнер Шыңғыс хан

Ер кісі бір мезгілінде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса, ері аңға не жорыққа кеткенде, әйелі ерінің отбасын көңірсітпей, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тағам беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды, ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Керісінше, әйел парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздағы сөзі аяқтыға жол болады.

Ілмектер: ер, әйел, адамгершілік Шыңғыс хан

Адамдарды мақтансүйгіш ет, өркөкіректік оларды ақымақ етеді, Сол кезде сен оларды бағындырасын....

Ілмектер: адам, өркөкірек, мақтансүйгіш Шыңғыс хан

Жеңістің мүмкіндігі - тек шабуылда.

Ілмектер: жеңіс, шабуыл Шыңғыс хан

Қарап көріңіз