Өлең, жыр, ақындар




Нағиза

иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Нағиза

Нағима

араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.


Есімге сілтеме: Нағима

Назгүл

(қараңыз Гүлназ).


Есімге сілтеме: Назгүл

Найра

араб тілінен алынған нәирә — нұрлы, көркем, айқын, жарқын.


Есімге сілтеме: Найра

Нарша

нардай мықты, қайратты, жігерлі.


Есімге сілтеме: Нарша

Науат

араб тілінен алынған набит — өсімдік, шөп; мұз түстес, мөлдір, жылтыр, тәтті қант.


Есімге сілтеме: Науат

Науша

иран тілінен алынған ноуче — жаңа келген; балаң, жас.


Есімге сілтеме: Науша

Нәбира

араб тілінен алынған нәбирә — немере ұл, немере қыз.


Есімге сілтеме: Нәбира

Нәдира

араб тілінен алынған надыр — сирек, тандаулы.


Есімге сілтеме: Нәдира

Нәзипа

араб тілінен алынған назифъ — таза, мұнтаздай, пәк.


Есімге сілтеме: Нәзипа

Нәйла

араб тілінен алынған нәйль — жетістік, тілекке, арманға, табысқа жету; сый, сыйлық.


Есімге сілтеме: Нәйла

Нәргүл

иран тілінен алынған нәр - анар сөзінің қысқарып, өзгерген түрі + гүл. Анардың гүліндей сұлу, әдемі деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Нәргүл

Нәрзән, нарзан

минералды қайнар бұлақ Нарзан атауымен қыз баланы ашық, таза, адал ойымен өссін деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Нәрзән, нарзан

Нәрима

араб тілінен алынған найри — батыл, ер жүрек, қызба жан.


Есімге сілтеме: Нәрима

Нәсима

араб тілінен алынған нәсимә — самал; лебіз, леп.


Есімге сілтеме: Нәсима

Нәфиса

араб тілінен алынған нафиса — сұлу, көркем, әдемі; нәзік, биязы.


Есімге сілтеме: Нәфиса

Несіпжан

араб тілінен алынған насиб - үлес, сыбаға; бақыт, тағдыр.


Есімге сілтеме: Несіпжан

Нұрай

көркі, нұры айдай, сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Нұрай

Нұрайша

араб тілінен алынған нұр + айша, нұры, көркі айша жарқыраған сұлу. Түрі — Нұрғайша.


Есімге сілтеме: Нұрайша

Нұрбағила

көркі, әрі, сұлулығы мәңгілік, өмірлік, мәңгі сұлу.


Есімге сілтеме: Нұрбағила

Нұрбибі

араб тілінен алынған бибі - нұрлы, көрікті, ажарлы қыз бала.


Есімге сілтеме: Нұрбибі

Нұржамал

араб тілінен - сұлулық, көркемдік сәулесі.


Есімге сілтеме: Нұржамал

Нұржәмила

араб тілінен - аса сұлу, әдемі, көрікті; өте сүйкімді, ажарлы.


Есімге сілтеме: Нұржәмила

Нұрзила

араб тілінен алынған — ашық жарқын жүзді.


Есімге сілтеме: Нұрзила

Нүрзия

араб тілінен алынған нүр + зия — жарық, сәуле шұғыла. Нұры, ажары жайнаған сұлу.


Есімге сілтеме: Нүрзия

Нұрикамал

араб тілінен - кемеліне келген, толысқан сұлу.


Есімге сілтеме: Нұрикамал

Нұрила

араб тілінен — жарық жүзді, ажарлы, көрікті.


Есімге сілтеме: Нұрила

Нұрипа

араб тілінен - нұрлы, ажарлы, көркем.


Есімге сілтеме: Нұрипа

Нұрия

араб тілінен —жарқын, ашық, нұрлы, керкем, әдемі қыз.


Есімге сілтеме: Нұрия

Нұрлықұл

араб тілінен — ажары, көркі, реңі, гүлдей, сұлу қыз.


Есімге сілтеме: Нұрлықұл

Нұрсұлу

араб тілінен алынған нұр — қазақтың сөзі сулу. Қыз бала өте әдемі, нұрлы, әрлі, көркем әрлі болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Нұрсұлу

Нұрхан

араб тілінен — ажарлы, әрлі, көрікті, сұлу ханым.


Есімге сілтеме: Нұрхан

Нұрша

араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған ажарлы, нұрлы, көрікті.


Есімге сілтеме: Нұрша

Нұршайым

араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған, ажарлы, нұрлы, көрікті.


Есімге сілтеме: Нұршайым

Нұршара

нұрлы, әрлі, сұлу Шара.


Есімге сілтеме: Нұршара

Нағи

араб тілінен алынған нәки — таза, қоспасыз.


Есімге сілтеме: Нағи

Нағым

араб тілінен алынған нәгим — амансаулық, есендік, бақытты өмір, рақат, ләззат.


Есімге сілтеме: Нағым

Нағымбек

араб тілінен алынған нагым + қазақ сөзі бек. Мықты саулық, бақытты өмір.


Есімге сілтеме: Нағымбек

Назар

араб тілінен алынған нәзәр - қарау, көзқарас, көз салу; ықылас, ілтипат. Метафоралық мағынасы — жәрдем, көмек, игі ниет, сүйеушілік, жақтаушылық.


Есімге сілтеме: Назар

Назарбай

жұрттын ықыласына, ілтипатына бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрі — Назарбек.


Есімге сілтеме: Назарбай

Нақып

араб тілінен алынған нәкиб — бастык, басшы.


Есімге сілтеме: Нақып

Нақысбек

араб тілінен алынған нәкш - сурет, әшекей, өрнек; түрлі жазба, яғни көрікті, әрлі адам.


Есімге сілтеме: Нақысбек

Нарбай

нар - жалғыз өркешті ірі түйе; ауыспалы мағынасы — үлкен, мықты, ерекше, зор + бай. Бала үлкен, зор, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Нарбек, Нарбол.


Есімге сілтеме: Нарбай

Нариман

иран тілінен алынған нари - батыл, ержүрек + ман, яғни батыл, ер адам.


Есімге сілтеме: Нариман

Наркес

өткір, батыл.


Есімге сілтеме: Наркес

Нартау

бала тау сияқты зор, үлкен болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Нартау

Нарту

дүниеге ірі, зор боп кел деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Нарту

Нарымжан

нарым — менің нарым, менің сүйіктім, менің жаным.


Есімге сілтеме: Нарымжан

Насыр

араб тілінен алынған наср — жәрдем беруші, көмек етуші; жеңімпаз. Біріккен тұлғалы есімдер Насыролла, Насырбай.


Есімге сілтеме: Насыр

Наурыз

иран тілінен алынған нов — жаңа + руз - күн. Новруз ирандықтардың календары бойынша жаңа жылдың басы — 21 март. Бұл мейрам күні туған балаларға Наурыз, Наурызбай, Наурызғали, Наурызбек деген есімдер берілген. Қысқаша айтылу түрі — Науан.


Есімге сілтеме: Наурыз

Нәби

араб тілінен алынған нааби — әулие, құдірет, жаратушы, елші; яғни жаратушының елшісі.


Есімге сілтеме: Нәби

Нәбиболла

араб тілінен — жаратушының, құдіреттің, әулиенің елшісі.


Есімге сілтеме: Нәбиболла

Нәдір

араб тілінен алынған надыр — сирек, таңдаулы.


Есімге сілтеме: Нәдір

Нәдірбай

араб тілінен алынған - қазақ сөзі бай— сирек, тандаулы бай.


Есімге сілтеме: Нәдірбай

Нәдірбек

сирек, таңдаулы бек, әкім.


Есімге сілтеме: Нәдірбек

Нәжіп

араб тілінен алынған нәджибь — мейірбан, қайырымды, ақ көңіл, кең пейілді, құдіретті.


Есімге сілтеме: Нәжіп

Нәзір

араб тілінен — салтанатты уәде, серт; ант.


Есімге сілтеме: Нәзір

Нәзірбек

уәдеде, сертте тұратын, берік адам.


Есімге сілтеме: Нәзірбек

Нәрік

араб тілінен алынған нари — отты, жалынды.


Есімге сілтеме: Нәрік

Несіп

араб тілінен — үлес, сыбаға; бақыт, тағдыр.


Есімге сілтеме: Несіп

Несіпбай

өз бақыты, өз тағдыры бар, байлыкқа кенелген.


Есімге сілтеме: Несіпбай

Нетәлі

(қараңыз: Ниетқали).


Есімге сілтеме: Нетәлі

Ниетқали

араб тілінен алынған нийат — пиғыл, ой, талап. Яғни жоғары пікірлі, ақылды, парасатты адам. Фонетикалық түрі — Нетәлі.


Есімге сілтеме: Ниетқали

Низам

араб тілінен алынған тәртіп, орнығушы.


Есімге сілтеме: Низам

Ниязмұхамбет

тәжік тілінен алынған - Мұхамбет пайғамбар сыйға тартқан.


Есімге сілтеме: Ниязмұхамбет

Ноғайбай

ноғай — халық аты + бай.


Есімге сілтеме: Ноғайбай

Ноиль, ноэль

араб тілінен - мақсатқа жетуші, жетістік.


Есімге сілтеме: Ноиль, ноэль

Ноян

моңғол тілінен алынған ноен 1/10000 адамның яғни түменнің бастығы, әкімі; ханзада, патша баласы; мырза, төре, әмір, үстемдік етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ноянбай, Ноянбек. Фонетикалық түрі — Доян.


Есімге сілтеме: Ноян

Нөкербек

моңғол тілінен алынған нохэр — жолдас, дос.


Есімге сілтеме: Нөкербек

Нұғман

көне еврей тілінен келген - амандық, есендік, жақсылық.


Есімге сілтеме: Нұғман

Нұр

араб тілінен - жарық, сәуле.


Есімге сілтеме: Нұр

Нұрабай

Нұра өзенінің бойында туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Нұрабай

Нұрайдар

араб тілінен алынған нұр + айдар. Айдары жарқыраған бақытты бала. Қысқарған түрі — Нұрақ.


Есімге сілтеме: Нұрайдар

Нұрақын

нұрлы, сәулетті ақын.


Есімге сілтеме: Нұрақын

Нұралы

араб тілінен алынған нұр - жарык, сәуле. Әлидің нұры яки Әлидің жарығы. Фонетикалық түрлері — Нұрәли, Нұрғали. Қысқарған түрі — Нұран. Еркелете айтылатын түрі — Нұраш.


Есімге сілтеме: Нұралы

Нұрбай

араб тілінен — нұрлы, көрікті ер бала.


Есімге сілтеме: Нұрбай

Нұрбақ

араб тілінен алынған бағы жанған, бақытты, нұрлы.


Есімге сілтеме: Нұрбақ

Нұрбапа

араб тілінен алынған нур + қазақ сөзі бапа — баба — үлкен ата, арғы ата.


Есімге сілтеме: Нұрбапа

Нұрбек

араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі бек — берік, мықты; өте нұрлы, әдемі, көркем.


Есімге сілтеме: Нұрбек

Нұрбол

нұрлы, көркем, көрікті болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрлері — Нұрболат, Нұрболсын.


Есімге сілтеме: Нұрбол

Нұргеді

араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі келді, яғни өмірге әдемі, көркем, бақытты бала келді деген мәнді есім.


Есімге сілтеме: Нұргеді

Нұрғазы

араб тілінен алынған нұр + ғазы — әскер, қосын; яғни нұры тасыған, керемет әскери адам.


Есімге сілтеме: Нұрғазы

Нүрғалым

араб тілінен алынған нұр + ғалым - тамаша, нұры тасыған, бақытты ғалым.


Есімге сілтеме: Нүрғалым

Нұрғиса

араб тілінен алынған нұр + ғиса - Иса, яғни келбетті, сұлу, көркем тұлғалы Иса, Ғайса.


Есімге сілтеме: Нұрғиса

Нұрдан

нұрдан туған, жаратылған деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Нұрдан

Нұрдәулет

араб тілінен алынған нұр + дәулет; яғни байлығы, дәулеті, сәулеті жарасқан.


Есімге сілтеме: Нұрдәулет

Нұржақан

араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап; яғни дүниедегі, әлемдегі адамзаттың нұрлысы, сұлуы.


Есімге сілтеме: Нұржақан

Нұржан

араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған жан; яғни жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі.


Есімге сілтеме: Нұржан

Нұржау

араб және қазақ тілдерінен - нұр жаусын, бақытты болсын деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Нұржау

Нұрзада

араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған зада — перзент, бала; әдемі, ажарлы, сұлу бала.


Есімге сілтеме: Нұрзада

Нұрзерек

араб және қазақ тілдерінен - көрікті, нұрлы, зерек бала.


Есімге сілтеме: Нұрзерек

Нұржігіт

араб және қазақ тілдерінен - нұрлы, әдемі, көрікті жігіт.


Есімге сілтеме: Нұржігіт

Нұри

араб тілінен алынған — нұрлы, көрікті.


Есімге сілтеме: Нұри

Нұрқасым

араб тілінен алынған нұр + қасым; аса әдемі, сұлу, шырайлы.


Есімге сілтеме: Нұрқасым

Нұрлай

нұрлы және ай сөздерінен жасалған есім, яғни жарық ай.


Есімге сілтеме: Нұрлай

Нұрлан

араб тілінен - ажарлану, өрлену, нұрлы, бақытты болу.


Есімге сілтеме: Нұрлан

Нұрлат

араб тілінен - нұрландыру, көріктендіру; бақытты ету.


Есімге сілтеме: Нұрлат

Нұрлы

араб тілінен алынған — өте әдемі, көркем, сұлу. Біріккен тұлғалы есімдер — Нұрлыбай, Нұрлыбек.


Есімге сілтеме: Нұрлы

Нұрмұқамбет

араб тілінен алынған нұр + мохаммед — Мұхамбеттің нұры, сәулесі. Қысқарта, еркелетіп айту тұлғалары — Нұрмат, Нұрым, Нұртай, Нұрқан, Нұркен, Нұрыш, Нұржан.


Есімге сілтеме: Нұрмұқамбет

Нұрнияз

араб тілінен алынған нұр + тәжік тілінен алынған нияз - өтініш, сый. Тілеп алған көркем, сұлу бала.


Есімге сілтеме: Нұрнияз

Пікірлер