Өлең, жыр, ақындар

50 жасқа анаға арналған тілектер құттықтаулар

Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,
Теңейді берері көп алтын күзге.
Елу жыл еңсеңізді биік ұстап,
Жүрдіңіз ел алдында жарқын жүзбен.
 
Елу жас — енді өмірдің басталғаны,
Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі!
Қос жанар — қос балаңыз аман болсын,
Сол емес пе ананың басты арманы!

*** *** *** ***

Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан дала,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір.

Мейірімнің нұры тұнып жанарыңа,
Қарайсың әкеміздің жанарына.
Балаларың бақытқа бөленеді,
Көзіңнен күннің нұры тамады да.

Төріңнен күн жоқ қонақ толастаған,
Күй шалқып, отауыңда жарасқан ән.
Ананы қазақ – тәңір санапты ғой,
Өзіңнен бұл фәниде жан аспаған.

Анажан, түсір күткен келініңді,
Жоғалтпа ұрпағыңа сеніміңді.
Жүре бер шаңырақтың құты болып,
Аспанға атайын мен бөрігімді.

*** *** *** ***

Елу жасқа толыпсың анам бүгін,
Түрлендірсін ақ тілек өмір гүлін.
Құтты болсын дүниеге есік ашып,
Алғаш рет сәби боп келген күнің.

Орындалсын, анажан, басты арманың,
Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын.
Ұлы тойға ұлассын туған күнің,
Жақсылыққа жайылып дастарханың.

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,
Арта берсін абырой беделіңіз.

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар

50 жасқа құттықтау


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Диана

Өте жақсы тақпақтар маған қатты ұнайды

Динара

50 жасқа анаға арналған ең әдемі тілектер мен құттықтаулар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз