Өлең, жыр, ақындар

80 жасқа құттықтау

Сексеннің сеңгіріне секірген апамызға дүниедегі бар жақсылықты тілегіміз келеді. Амандық болсын, жамандық болмасын! Арамызда аман-есен жүре беріңіз! Немере-шөберелеріңіздің есейгенін көріп, олардың үйлену тойларына қатысып, төрінде дәл қазіргідей қуанып отыра беріңіз! Гүлдей жайнап жүз жасаңыз, апа!

Талайларды қуантар екпіні елдің,
Сексен деген жасы ғой бектің, ердің.
Қанаш құрбым сексенге келді бүгін,
Рухы мықты ұрпағы тектілердің.

Ұл-қыздары ерекше шаттанып, күл,
Ата-ананың еңбегі ақталып тұр.
........ жыл отасып ....... - қызбен,
........-жігіт өмірден бақ тауып тұр.
 
........ пенен ............ асылдарға,
Асуларын тілеймін асуларға!
Қозы менен Баянның белгісіндей,
Жалғассыншы ғасырдан ғасырларға!

*** *** *** ***

Қиясына өмірдің өрлеп көрді,
Ел-жұрты үшін ерінбей еңбектенді.
Ортамызда ақылшы ...... апамыз,
Сеңгіріне сексеннің сергек келді.
 
Еркелетіп немере, шөберсін,
Кәрілікті апамыз елемесін.
Үрім-бұтақ, ұрпағы құттықтаймыз,
Тіршіліктің қызығын көре берсін.

*** *** *** ***

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты сізді сексеннің сеңгіріне де алып жетіпті. Ауыртпалығы мен жақсылығы қатар жүретін өмір өрісінде ........................ абыроймен қызмет етіп, ......................... баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, ұяда түлетіп, қияға самғатып, білімде де мәдениетті азаматтар етіп қатарға қостыңыз.

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Сара Алпысқызы

Құттықтаулар

Оля

80 жасқа арналған ең әдемі құттықтаулар!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер