Эссе және өлең-жыр байқауы

Егер мен ұстаз болсам...

Егер мен ұстаз болсам...

Адам баласы болғандықтан өмірде сан қилы жол болады. Сол сан қилы жолдан жақсы өту үшін бізге ең алдымен жүрек қалауын сезе білуіміз қажет. Әр адам ерекше бір тұлға. Тұлға болып қалыптасқаннан кейін, әрине бізге өз мамандығымыз керек. Өмірдегі ең басты қасиеті адамның мамандығын дұрыс таңдай білуі деп білемін. Мамандық деген сөзді естісек бізге бірден алдағы өміріміз көз алдымызға елестейді. Оның бәрі әрине, жүрегінін түбіндегі мамандықты көз алдына елестету. Кейбір адамдардың көздеріне дәрігер, аудармашы, технолог елестесе менің көз алдыма «ұстаз» болу елестейді. Әрине ол өз қалауым. Ертеңгі күнге қойған мақсатым. "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" демекші, менің ұстаз болғым келеді. Балалардың көңіліне білім нәрін ұялатсам деймін. "Ұстаз" ол ең бір ерекше қызығы мен шыжығы қатар жүретін мамандық.

Барлық балалар кішкентай кездерінде қызық көріп " мен дәрігер боламын немесе дүкенші боламын" десе мен "Ұстаз" боламын деуден шаршамайтынмын. Қазіргі таңда сол бір тәтті сәттер ұмытылмас естеліктерге айналды. Ауылда тұрғандықтан көрші үйдің балалары ойнауға келгенде мен бірден " мектеп ойнайықшы, мен мұғалім боламын" деп сабақ жүргізетінмін. Тіпті, өзімнен үлкен балаларғада үйрететінмін. Оларға түсіндіру, сабақты қызықты өткізу, бағалау мен үшін өте ерекше болды. Солай өзім балаларды оқытып, мектепке барғанымда анам мен әкемнің арқаларында алфавиттің барлық әріптерін біліп бардым. Ұстаз-біздің екінші анамыз. Мектептің жүрегі-ұстаз. Барлығымыздың көзімізді ашқан сол ұстаз атты ұлы тұлға. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да ұстаздан білім алған. Мен де сол кісілер сияқты білім алудамын. Менің сыртқы келбетіме қарап көп адамдар "мұғалім" мамандығын ұсынады. Бір қызығы, танымайтын ортада болсам, «мұғалімсіз бе?»-деп жатады. Мен осы сөздерді естіп одан сайын шабыт аламын. Қазір мен 11-сынып оқушысымын. Осы уақытқа дейін әр түрлі ойлар болды. Бірақ түбінде осы мамандықты таңдадым. Жаратылысына жарасатын, өзін сүйетін мамандық иесі болған керемет емес пе?!

Армандап келе жатырған армандарыма жетуіме де аз қалды. Ол үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі қазақ халқына жолдаған жолдауында да мұғалімдерді ерекше атаған. Иә, қазіргі таңда көбі осы бұл мамандықты қиындықтарын айтып, шыны керек қашады. Меніңше, мамандықтың оңайы жоқ. Тек оның нағыз маманы болу үшін "білім" қажет. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі "ертеңіміз-жастардың қолында" демеп пе еді? М.Жұмабаев бабамыз да "Мен жастарға сенемін" деп өсиет қалдырып кетпеп пе еді? Сондықтан бізге қазіргі таңда үкіліген үмітті ақтаудан басқа ештеме жоқ. Оқы, білімді бол, балаларға үйрет, білмегенге көмектес сонда ғана біз алға жылжимыз. Ұстазы қандай болса, оқушылары да сондай болады. "Бала жүрегі-кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтің тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек",- деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең асыл қасиеті деп ойлаймын.

Ұстаздардан білім алып келемін,

Әр сәтімді бағалаумен өтемін.

Мына өмірдің санқилы жолдарында,

Қазақ тілі маманы боп шығамын.

Менің болашаққа таңлап отырған пәнім- қазақ тілі әдебиеті. Менің осы пәндерге деген сүйіспеншілігім 9-сыныптан бері оянды. Осы пәндерден менің сүйікті ұстаздарым-қаншама жыл бойы өз ісінің маманына айналған Айсұлу Құрманғалиқызы мен жас маман Әйбат Талғатқызы сабақ береді. Екі ұстаздарымның да сабақ өткізу қағидалары қатты ұнайды. Мен де осы кісілердей болғым келеді. Мен өзімді болашақта жақсы, білімді ұстаз болатыныма нық сеніммен айта аламын. Ұстаз- Қаратаудың қойнауында тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Мен маманлығымды биікке балаймын. Таңдауыма ешқашан өкінбеймін. Қайта мақтан тұтатын боламын!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...