Эссе және өлең-жыр байқауы

Қазақстанға Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымының зертханалары қолжетімді болады

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.

«Қазақстан-2050» стратегиясындағы ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілету саясатының арқасында еліміз осы саланың көшбасшысы болып танылды. Бүгінгі таңда Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды белсенді дамытуда. Қазақстан Республикасының атом саласы технологиялық әлеуетті дамыту тұрғысынан перспективті салалардың бірі. Бұл – Қазақстанның ғылыми және индустриялық дамуының қозғаушы күші. Біздің ғылыми-техникалық, адами әлеуетіміз қазіргі уақытта ядролық физика және қолданбалы зерттеулер саласындағы ең маңызды мәселелерді шеше алады», - деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар ведомство басшысы ядролық құзыреттілікті арттыруға күш-жігер салудың арқасында Қазақстан қазіргі уақытта іргелі және қолданбалы ядролық физика, ядролық және радиациялық технологиялар бойынша өз бетінше жұмыс атқара алатын елдер қатарында екенін атап өтті. Бұл еліміз үшін ең дамыған елдермен тең жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық және жобаларға қатысу академиялық қоғамдастықтың күш-жігерін, ғылыми және білім әлеуетін біріктіруге жол ашады. Оған қатысушылардың ресурстары мен мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану арқылы қол жеткізіледі.

«Бұл мақсатта 2016 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымымен ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс басталды. Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы (CERN) қарапайым бөлшектер физикасын зерттеу саласында әлемдегі жетекші ұйым болып саналады. Жоғары энергиялар физикасы мен бөлшектер физикасы саласындағы табысты зерттеулерді көптеген ел ғалымдарымен бірлесіп қана жүргізуге болады. Яғни әлемдік ғылыми интеллектіні шоғырландыру қажет. Қазіргі уақытта CERN-нің кеңес құрамына 23 ел кіреді. Бұған қоса, кейбір елдер мен халықаралық ұйымдар бақылаушы ретінде қатысады. CERN-де 2400-ге жуық ғалым тұрақты жұмыс істейді, оған қоса әлемнің 113 елінің 580 университеті мен институтынан 10 мыңнан астам физикпен мен инженер CERN-нің халықаралық эксперименттеріне қатысып, уақытша жұмыс істейді. CERN-мен ынтымақтастық біз үшін аса маңызды. Әрі оның келешегі зор. Біріншіден, ол ресурстарды басым бағыттарға шоғырлауға, яғни алдымен іргелі білім, кейін технологиялар бойынша болашаққа серпінмен жол бастауға мүмкіндік береді», - деді Қанат Бозымбаев.

Осыған орай, CERN-мен ынтымақтастықтың құқықтық негізін құру мақсатында 2018 жылдың 29 маусымында Женева қаласында Ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты ҚР Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы (CERN) арасындағы келісімге қол қойылды. Осы келісімді ратификациялау ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға жағдай жасайды. Қазақстанның ғалымдары, инженерлері, студенттері мен техникалық мамандары үшін ұзақ мерзімдік негізде CERN ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға жол ашады. Сонымен бірге, CERN-мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Жол картасы әзірленді. Ол Энергетика министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...