Эссе және өлең-жыр байқауы

Аграрлық оқу орындарының түлектеріне жаңа талаптар енгізіледі

Агроөнеркәсіптік мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін қалыптастыру функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілмек. Бұл туралы аталған министрліктің басшысы Сапархан Омаров мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Аграрлық ғылымды дамытуға тоқталсақ, кәсіпкерлерді инновацияны енгізуге тарту үшін заң жобасымен бизнестің ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша шығындарының бір бөлігін субсидиялау көзделеді. Бұл бизнес пен ғылымның өзара іс-қимыл жасау тетігін іске қосуға, агроөнеркәсіптік кешенге инновацияны енгізу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның сөзіне қарағада, заң жобасы аясында Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін қалыптастыру функцияларын Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру көзделеді.

«Сонымен қатар, аграрлық жоғары оқу орындарының түлектері үшін ауылдық жерлерде міндетті түрде жұмыспен өтеу талабы енгізіледі», - деді Сапархан Омаров.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...