Өлең, жыр, ақындар

Директорлар педагогтарға жұмыс моделін бұрмалап жеткізеді - Сергей Пен

Мұғалім ата-анадан ақша алуға қабілетті психолог деген түсінік бар. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте «Адал білім» жобалық кеңесінің әкімшісі Сергей Пен осындай пікір білдірді.

«Бізге Ләззат Мұсанова есімді мұғалім жалюзиге ақша жинау бойынша шағымданды. Мұның жалпы сипат алып кеткенін білеміз. Артынша көптеген өңірлерден мұғалімдер шағымданып, кейбірі анонимді түрде мұндай үрдістің бар екенін растады. Бұл, жергілікті атқарушы органдардың тікелей жауапты аймағы. Мектеп әкімшілігі педагогтарға жұмыс моделін бұрмалап жеткізеді. Әр мұғалім өз сыныбында немесе пән кабинетінде үлейсім мен жинақылық, көрнекілік қалыптастыруға міндетті деген түсінік таңылады. Егер оған ақша жетпесе басқа жолдарын ойластыру керектігі де айтылады. Осы жерден стенд ілу, перде алу, бөлме гүлдерін қою жұмыстары мәжбүрлі жұмысқа айналады. Мұғалім дегеніміз – тәжірибелі психолог, ол ата-аналарды ақша жинауға жұмылдыра алады деген түсінік таңылады. Мұндайға жол берілмеуі керек. Жергілікті атқарушы органдар бұл мақсаттарға жеткілікті мөлшерде қаражат бөледі. Шығынның барлық баптары қарастырылған. Тек тиісті бақылау орнату қажет. Біз мұны мектеп басшыларына ғана емес, педагогтарға да қаратып айтамыз. Ондай оқиғаларды жарыққа шығарудан қорықпаңыздар», - деді сарапшы.

Ол ақша жинауға мәжбүрлеу оқиғалары туралы жасқанбай хабарлауға шақырды. «Біз барлық ата-аналар мен педагогтарды ақша жинаумен бірлесіп күресуге шақырамыз», - деді С.Пен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Айханым

Дұрыс айтады, Директорлар тек өз қалтасын ойлайды. Білімді, ұрпақ тәрбиелеуді бизнеске айналдырып алған, барлығына топырақ шашпаймын бырақ басым бөлігі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар