Эссе және өлең-жыр байқауы

Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік

“Мәңгілік Ел” болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан  бергі  асыл арманы еді. Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету біздің ұрпақтың басты мақсатына, ұлттық  ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық! 

Н. Ә. Назарбаев   

Қазақ  - қайсар халық.Бүгінде сол батылдығы мен қажымас қайратының арқасында Алланың үлкен сыйы  “ Тәуелсіздікке”  қол жеткізіп отыр.Бұл үлкен бақыт, әрине мәңгілікке жалғассын деп тілейміз.Десе де бұл күрес қазақ халқы үшін оңай болған жоқ Ата-бабамыздың ары мен зарының арқасында, сүйектен өткізер саптаулы сөзінің арқасында осы жеңістің дәмін таттық. Қазіргі таңда осындай баға  жетпес байлығымызға жиырма сегіз жыл толып отыр.

Азат күн туды, қырандай еркін самғаған,
Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған.
Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы,
Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған!
Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты.
Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі.
Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ,
Мәңгілік азат халық болуға тиісті!
Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын,
Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын,
Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын,
Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын,
Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде,
Айбарлы менің асыл Алашым!

деп жырлады Мұхамбетберді ақынымыз.Ойлы өлеңімен ойып түскен ақынымыз жүрек сарынын осылай жеткізді.Шынымен де тәуелсіздік дегенде тебіренбейтін қазақ жоқ. Сол бір 1986 жылдың желтоқсаны халқымыздың жүрек түкпірінде әлі күнге дейін сақталған.Сол сәттегі қансыраған қазақ жастары  тәуелсіздік үшін өз өмірлерін құрбан етті. Қайрат, Ербол, Ләззат,Сабира, сынды желтоқсанда сөнген жұлдыздарымыз аты әлемге алпауыт болып естілген  Тәуелсіздікті алып берді.“Қазақстанды  өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын.Біз демократияны талап етеміз!”,-деген бір ауыз сөз бүкіл халықтың рухын көтерді.Осылай көтеріліс басталды.Барлығының бір ғана мақсаты болды.Ол – азаттық.Алайда Кеңес үкіметі қарап жатқан жоқ. Көтерілісті тоқтатқысы келді, алаңға шыққандарды басып жаныштауға тырысты.Қазақ қыздарының шашынан сүйреп, қорлады. Ал қазақ жігіттерін итке талатып сойқан өлімге ұшыратты .Осылай небір сұмдық жайттар болып жатты. 

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,  
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Әне-міне дегенше қара бұлт астынан  жарқыраған күн шықты. 1991 жылы  КСРО  ыдырап, оның құрамындағы елдер өз тәуелсіздіктерін ала бастады. Біздің елімізде 1991 жылы 16 желтоқсанда “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі ” туралы заңға қол қойды.Осылай егеменді мемлекетке айналдық

Қазіргі таңда осындай ерлікпен қол жеткізген тәуелсіз еліміздің барына Аллаға мыңда бір шүкіршілік етеміз. Сөз соңында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауынан үзінді келтіреміз: “Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбет ет.Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!’’ Ата-бабамыз аманат қылып қалдырған жеріміз өз қолымызда. Оны қорғау, қожалық ету біздің міндетіміз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...