Эссе және өлең-жыр байқауы

Кішік болғаннан кішіреймейсің...

Жапондар айтатын «алты қырсық» деген бар екен. Олар: ақылсыздық, ызақорлық, жеңілтектік, нәпсіқұмарлық, солқылдақтық және дүниеқоңыздық. Осылардың әрқайсысының он сегіз көрінісі бар. Сонда жиыны 108 түрлі болады деп есептейді екен де, солардың бәрін тізбектеп, жазып, әйгілеп қоятын көрінеді. Осыларды күнде құлақпен естіп, көзбен көріп жүрген кісі теріс жолға бара ма?

Міне, халықтық тәрбиенің көрнекті түрі қандай әсерлі! Бүгінде Жапон елінің өнер-біліммен дүние жүзіндегі өркениетті елдің қатарында алға шығуына, дамуына осы тәрбиенің әсері болмады деп қалай айтарсыз! Дүние жүзі елдерінің көбінде отбасылардың ажырасуы жыл сайын өсіп отырса, жапондарда жұбайлардың ажырасуы мүлде жоқтың қасы екен. Жапон әйелдері ешқашан адамның бетіне түсін суытып қарамайды, сөйлескенде әуелі түсін жылытып, күліп қана сөйлейді. Міне, осыдан кейін адамдар арасында ұрыс-жанжал қайдан болсын. Ұрлық істеу, өтірік айту деген сияқты әдеттер оларда мүлде жоқ болса керек. Осындайда «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» көрсететін халқымыздың үлкеннің алдын кесіп өтпейтін кішіпейілдігі, жесірі мен жетімін сыртқа теппейтін бауырмалдығы, есігіне құлып салмайтын адалдығы қайда кеткен деп қайран қаласың... Бәрі — сол ұлт, яғни ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуде жатыр емес пе!?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...