Эссе және өлең-жыр байқауы

Ахметтің сөзден тосылуы

Торғайда Ахмет төре дуанбасы болып келгенде, арғын, қыпшақтың игі жақсылары сәлемдесе барыпты. Солармен бірге бойы бір тұтам қолтоқпақтай Балақарақшы да барады. Ахмет Балақарақшыны білмейді екен. «Бұл кім?» деп сұрайды. Біреу: «Балақарақшы деген епті жігітіміз осы» дейді.

— Пай-пай, жұрт та қызық-ау, осы қарақшы болып не бітіруші еді, түрі мынау ғой, — деп қарқ-қарқ күледі. Сонда Балақарақшы былай дейді:

— Күлме төрем!

Биік болсаң, көп болса, қарағайдай боларсың,

Құрт болып теспесімді қайдан білесің?

Мықты болсаң, көп болса, пілдей шығарсың,

Тышқан болып құлағыңа кірмесімді қайдан білесің?!

Ойланбай сөйлегеніне опық жеген Ахмет ұялғанынан үндей алмай жер шұқылап отырып қалыпты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...