Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Жеті лақ

Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:

— Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде — «Шырақтарым — лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», — деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды.

Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды — даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады — лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты:

«Шырақтарым — лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді». Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман-есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады. Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады. Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...