Эссе және өлең-жыр байқауы

Үйшік

Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды.

— Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?

Ешкім жауап қатпады. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастады. Секіріп бақылдауық бақа келді.

— Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

— Мен, жертесер тышқанмын. Ал сен кімсің?

— Мен — бақылдауық бақамын

— Кел, бірге тұрайық

Екеуі бірге тұра бастады. Секектеп секек қоян келді.

— Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

— Біз — жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен кімсің?

— Мен — секек қоянмын.

— Кел, бірге тұрайық

Олар үшеуі болды. Жүгіріп жылмаң түлкі келді.

— Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

— Біз — жертесер тышқан, бақылдауық бақа және секек қоян, ал сен кімсің?

— Мен — жылмаң түлкімін

— Кел, бірге тұрайық

Олар төртеу болды. Үйшікке аю келіп, есік қақты.

— Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

— Біз — жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, ал сен кімсің?

— Ал мен – жантайғыш аюмын. Үйшігіңе жантая кетсем — бәрің жаншылып қаласыңдар.

Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып шықты. Ал жантайғыш аю үйшіктің үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап қалды. Жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, жантайғыш аю жиналып жаңа үлкен, әдемі үйшік салып, бірге өмір сүрді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...