Эссе және өлең-жыр байқауы

«Шамаң келсе, ұстап ал»: жалған есімге ие болу синдромы

«Жұрт мені бір кісі екен деп қалып жүрген кісі кім екен?». Nautil.us шолушысы Брюс Уотсон біз ойлағаннан жиірек кездесіп қалатын кісінің атын жамылушы синдромын әр түрлі пікір-пайым тұрғысынан қарастырып, әр алуан алаяқтар мен «ұлы комбинаторлар» іші-бауырымызға кіріп, бізді қалай баурап алатынын, бұның біздің көптік «Менімізге» қандай шатысы барын, неге бізге кей кездері біз рөл ойнап жүргендей көрінетінін, бұндай сезімнің қайдан шығатынын және бұны философия, психология және нейроғылым қалай түсіндіріп жүргенін айтып береді.  

Бізге кісінің атын жамылушылар туралы оқиғалар ұнайтын себебі, біз олардан өзімізді көреміз. 

Брюс Уотсон

1952 жылғы күзгі салқын күндердің бірінде Сары теңізде, Оңтүстік Кореяның Инчхон жағалауы маңын шолғындап жүрген канадалық Каюга эсминецінің бортына 16 жаралы сарбаз жеткізілді. Кореядағы соғыс барысында жараланған сарбаздардың жағдайы қиын болып тұр еді. Олардың бірнешеуі операция жасалмаса, аман қалмас еді. Олардың көрер жарығына орай кемедегі дәрігер оташы-травматолог болып шықты. Медициналық халатты киіп алған орта жастағы денелі ер кісі мейірбикелерге пациенттерді операцияға дайындауды бұйырды. Содан соң, ол өзінің каютасына барып, өзінің айтуынша маман болып табылатын тақырыптағы курсты тез оқып шығу үшін, хирургия оқулығын ашты. Жиырма минут өткенде операция бөлмесіне мектепті да тәмамдамаған Фердинанд Демара кірді, ол Джефферсон Бэйрд Торн да сол, Мартин Годгарт та сол, доктор Роберт Линтон Фрэнч те сол, Энтони Инголия да сол, Бен У. Джонс та сол болатын, ал бүгін ол дәрігер Джозеф Сир болып тұр.

«Скальпель!»

Терең бір тыныс алған жалған оташы жаралының денесіне қол салды. Оның санасынан: «Неғұрлым аз тілсең, біткен соң тігетін жерің соғұрлым аз болады» деген ой айналшықтап кетпей тұрды. Сынған қабырғаны тауып, Демара жүректің қасында тұрып қалған оқты да алып шықты. Ол, — сарбаздың жарасы қан атқылап тұрып алады, — деп қорықты, сол себепті ол жараланған жеріне Гель-көбікті, коагуляциялаушы арнайы реагентті, жағып тастап еді, қан қоюланып, сол сәтте-ақ тоқтады. Демара қабырғаны орнына салды да, пациенттің жарасын тігіп, көп мөлшердегі пеницилинді салып жіберді. Дәрігердің жан-жағында тұрғандар керемет күйге бөленді.  

«Шамаң келсе, мені ұстап ал» фильмінде Леонарда ди Каприо бейнесін сомдаған Фрэнк Абигнейл тақылеттес сериялық жалған аттылар бізді қызықтырып, аузына қаратады, өйткені ондай адамдар тәуекел етуден және бізге тек арман болып қалған романтикаға толы өмірді сүруден тайсақтамайды».

Күні бойы тер төккен Демара 16 жаралының бәріне операция жасап шықты. Барлығы аман қалды. Көп кешікпей, Демараның ерлікке тән әрекеті туралы алып-қашпа әңгімелер баспасөзден бірақ шықты. Демара атын жамылып жүрген нағыз дәрігер Джозеф Сир өзі ешқашан барып көрмеген Кореядағы «өзінің»батырлық ісі жайында газеттерден оқып білді. Әскери басқарма Демарадан жауап алып, масқара болмау үшін, оны жұмыстан шығарып жіберді.  

Ұлы жалған ат жамылушы: келбетті, бәрімен тіл табысып кететін Фердинанд Демара оташы, монах, адвокат және мұғалім болып жұмыс істеді / Ap photo

Бірақ бұл ақпарат бәрібір баспасөзге белгілі болып қалды. Демара туралы мақала Life журналына шыққан соң, жалған оташы фанаттарынан жүздеген хат алды. «Біз күйеуіміз екеуіміз сіздің құдай жіберген адам екеніңізді сеземіз», — деп жазды бір келіншек. Ал Британдық Колумбиядағы ағаш дайындайтын лагерь оған сол жерде дәрігер болып жұмыс істеуді ұсынды. Біраз уақыт өткенде Демара туралы «Ұлы жалған атты» деген кітап пен фильм шығып, ол фильмде Демараны актер Тони Кертис сомдады. Демараның өзі ол фильмде дәрігердің рөлін ойнап, тіпті медициналық мектепке оқуға түсуді де ойлап жүрді. Бірақ, оқу қиын болады деп, оқымай қалды. Ол былай деген:  

«Мен әрдайым оңай жолды іздейтін сияқтымын. Және де алаяқ болу — бұл арылу өте қиынға соғатын жаман әдет».

Өзінше бір әртістер болып табылатын ат жамылушылар мен алаяқтар бізді әрі таңдандырып, әрі баурап алатын алдаудың елітіп алушы тартымдылығы арқылы тарихта ерекше орынға ие болып қалып жүр. Біздің көбіміз нормалардың шегінен шықпауға тырысатын болсақ, алаяқтар, жаңа сын-тегеуріндерді бетке алып, еш қиналмай-ақ, бұндай кедергілерден аттап өтіп жүре береді. Ел-жұрттың назарында болатын олар кәсіби нормаларды, оларға берілетін маңыздылықты әжуалап, күлкіге айналдырады. Психологтардың пікірінше көңіліміздің түбінде бізге алаяқтар ұнайды, өйткені біз басқа кейіпте жүретінімізді сеземіз. Олардың басынан өткен оқиғаларда олардың өз «Менінің» калейдоскопы көрінеді және олар тәуекелге бел буу арқылы басқалардың қолы жетпес сезімдерге қалай бөленуге болатынын көрсетеді.

Сериялық және күйбең тіршілікте болатын кісі атын жамылушылар туралы

Психология профессоры Мэтью Хорнси Австралиядағы Куинсленд университетіндегі әріптесінен алданып қалған соң, кісі атын жамылушыларды зерттеп-зерделей бастады. Украиналық шығу тегі жайында айтып берген Елена Демиденко, өзінің Украинада өткен балалық шағы туралы роман жазып шықты. Роман жүлде алды. Алайда, көп өтпей, Елена Демиденконың Украинаға ешқандай  қатысы жоқ австралиялық Хелен Дарвил екені анықталды. Оның жазғанының бәрі ойдан шығарылған болып шықты. Алданып, көңілі қалған Хорнси сол кезден бері кісі атын жамылушыларды және жұрттың неге оларға деген ықыласы ерекше екенін зерттеп келеді. Хорнси былай дейді:  

«Біз соқтықпалы соқпағы көп әлемде тіршілік етеміз. Және де сіз көзсіз тәуекелге барып, осы соқпақтарды еңсеретін және романтикаға толы өмір сүретін адамдарды көріп жүрсіз. Бұның өзі-ақ романтикалық әрі адамды қызықтыра түсетін құбылыс».

Ат жамылушылар біздің сенімімізді тәрк етеді, біздің униформаға, атақ-даңққа, бедерлеп салынған «Дәрігер» деген жазуы бар визиттік картаға маңыз беретінімізді күлкі қылады. Біз өзінің мақсатына жету үшін қысқа жолды пайдаланатындардың мәртебесіне әрі қызығамыз, таңырқаймыз. Біз өзіміздің жеке дәрігеріміздің алаяқ болғанын қаламаймыз, бірақ біз теңдессіз әртістей дүние жүзін аралайтын, бір кейіптен екінші кейіпке енетін, ойынға берілетін, үлкен шеберлікпен көзден ғайып болатын — ол бұның бәрін кәмелеттік жасқа толғанша істеп үлгерген Стивен Спилбергтің «Шамаң келсе, мені ұстап ал» фильміндегі Фрэнк Абигнейлдің батыл істеріне таңданып, бас иеміз.  

«Біздің таңдауымыз өзіміздің ойларымыз бен пайымдарымызға байланыстылығы жөніндегі түсінік бізге айдан анық болып көрінетіндігі сондай, оны тіпті айтудың да қажеті жоқ», — деп Иона Бергер «Көрінбейтін әсер: жүріс-тұрысты қалыптастыратын жасырын күштер» атты кітабында жазады.  

Бірақ алдау психологиясына бейбірмәнді элементтер кіреді. Бір жағынан алсақ — бұлар Демара және Абигнейл тақылеттес сериялық кісі атын жамылушылар. Екінші жағынан — күнделікті көріп жүрген кісі атын жамылушылар — бұл сіз бен бізбіз.

«Біздің көпшілігіміз күн сайын ұстамды алдамшылықпен айналысамыз, — дейді Хорнси. — Мысалы, көңіл күйім келмей тұрса да, мен жымиятын болсам. Егер, қызық болмаса да, қызығып тұрған адамдай болсам. Күйгелектеніп тұрсам да, өзіме сенімді адамдай болсам.  Алаяқтықтықты  жақсы әсер қалдыру және әлеуметтік дағдыларды пайдалана алу машығынан бір-ақ елі бөліп тұр».

«Кісі атын жамылушылар, біз олар сияқты болғымыз келгендіктен бізді тәнті етпейді, — дейді Хорнси, — біз дәл солар сияқтымыз ба деп қатты алаңдайтынымыздан тәнті етеді».

Жалпы «болып көріну» сезімі өзіңе деген сенімсіздіктен басталады. Отырыстар залында, сыныпта, жоғары деңгейлі жиналыста отырып сіз қатты қорқынышқа — өз орнымда отырған жоқпын деген қорқынышқа бой алдырасыз. Және де сіздің ғылыми дәрежеңіз немесе атқарған қызметтеріңіз қандай екені маңызды емес. Сіз басқалардан ақылды емессіз. Сіз — кісі атын жамылушысыз. Бұндай сенімсіздік эпидемиялық деңгейге жете қабыл құбылысқа айналды және «кісі атын жамылушы синдромы» деген анықтамаға ие болды. Бұл түсінікті 1978 жылы енгізген психолог Паулина Кланс оны негізінен табысты әйелдерге қаратып пайдаланды, бірақ гендерлік зерттеулер ерлердің де басқа болып көрінуге бейім тұратынын және кәсіби адамдардың 70 процентіне дейін кісі атын пайдаланушы синдромына ұшырағанын анықтады.   

Психологтар бұл феноменнің пайда болуына балаларды тәрбиелеудің биполярлық стилі себеп деп есептейді. Адамды балалық шағында үнемі сынай беру ата-ананың жек көрушілігі деп бағаланып, кейін оның орнын өмірдегі ешқандай жетістік пен табыс толтыра алмауы мүмкін.  Және керісінше, қарапайым бір суреті немесе жобасы үшін бәрі мақтап шығатын «мінсіз бала» да, өсе келе бұл табысқа еңбегім сіңді ме деген ойдың соңында жүруі мүмкін. Баланы тәрбиелеу стилі қандай болғанына қарамастан, «кісі атын жамылушының» әрбір жетістігі, естіген әрбір мақтауы оның әйтеуір бір күні әшкере боламын деген үрейін күшейте түсетінін түсінеді.   

«Шамаң келсе, ұстап ал» фильмінде Леонардо ди Каприо сомдаған Фрэнк Абигнейл To Tell the Truth (1977 ж.) телевизиялық викторинасына қатысып тұрған кезі

Алданып қалудан қорқу бізді адамның ойына келмейтін нәрселерді істеуден ұялмайтын немесе тайсалмайтын адамдарға еліктетіп тұрады. «Қоғам жалған аттыларды жақсы көреді», — деп жазады британдық журналист Сара Бертон өзінің «Жалған атылар: өтірікшілердің алты түрі» деп аталатын кітабында. Бізге «көпе көрінеу немесе құпия түрде тыйымдарды бұзу«ұнайды». Бізге кішкентайымыздан шындықты айтуды талап етеді. Бертон былай деп жазады:

«Біз әлдебіреудің өтірік айтқанын білген кезіміздегі біздің бірінші реакциямыз — шын көңілмен қызығып қалу». Бір жас жігіт актер Сидни Пуатьенің баласымын деп жұртты алдап, Манхеттендегі бай-қуатты үйлерге кіріп алады. Австралиялық келіншек орыс тілін бімегеніне қарамастан, өзін Романовтар әулетінің Анастасия деген ханшайымы екеніне бәрін нандырып тастайды. Әккі француз туған-туысынан адасып қалған жетім болып кетеді. Бізді кісі атын жамылушылардың қызықтыратынына, — дейді Бертон, — кісі атын жамылушы «біз жүріп келе жатқан жолда бізден озып кеткені себеп болуы мүмкін».  

Психологтар әрқайсысы біздің миы ашып шатасқан топтық «менімізге» жүгінетін сериялық алаяқтықтың бірнеше себебін қарастырады. Кейбір жалған аттылар, — дейді Хорнси, — олардың орнында әркім-ақ болғысы келетін «теңдесі жоқ авантюрист» болып табылады. Басқа біреулері ұялшақ және басқаларға ұқсамайтын болғандықтан, сезіне алмайтын қауымдық сезіміне бөленгісі келеді. Өзін өзгелерден төмен қою — үшінші себеп. Өзін сорлы сезінетін тәжірибелі кісі атын жамылушы өзінен гөрі жақсы біреу болып көріну арқылы оп-оңай бәрінің құрметіне бөленеді. Демараға, ол неге дәрігер «болып алғанын» айтып беруі үшін, психологтың қажеті болған жоқ.  

«Қалай болғанда да [Dr. Роберт Линтон], жаман болсын-жақсы болсын, біреу бола алды, — деп жазды Демара. — Ал жаман болсын-жақсы болсын, Демара — ешкімде болған жоқ, жәй жүрген бір қаңғыбас».

Психолог Элен Дойч жалған аттылардың тағдыр тәлкегіне жиі ұшырап тұрғанын байқаған. Берекелі жанұяда туып-өскен олар ата-анасының ажырасуы, банкортқа ұшырауы немесе сатқындық кесірінен өз мәртебесінен айырылып қалған. Өзін алданып қалған адамдай сезінген жалған атты табыс баспалдағымен жоғары шығып үлгере алмай қалады. Оның орнына ол біреудікін меншіктеп алу арқылы мәртебесін өзіне қайтарады. Әке-шешесі оны өзіне алып қалу үшін арпалысқан соттан шыққан және өзінің қиялына берілген Фрэнк Абигнейл сондай жағдайға тап болды. Ұзын бойлы, 16 жастағы балғын шағында 26 жастағыдай көрінетін Абигнейл бірнеше жыл бойы авиокомпанияның ұшқышы, күзетші, дәрігер, адвокат… болып жүрді. «Адамның альтер эгосы, — деп жазды ол өзінің ғұмырнамасында, — оның өзінің сүйікті образы ғана».

Біз бәріміз басқа біреу болып жүре аламыз, бірақ кейбіреуіміздің ғана бұны асқан шеберлікпен істеуге ақыл-парасатымыз мен әлеуметтік дағдыларыз жетеді. Бірде-бір дәріске барып көрмеген Абигнейл заңи оқулықтарды оқып, Луизианада емтихан тапсырды. Демара бір күн ішінде психология жөніндегі мәтінді оқып шығып, келесі күні басқаларға одан сабақ бере беретін. Кәсіби жалған аттылар бір қалжыңмен-ақ шиеленісіп бара жатқан жағдайды жайдары күйге түсіре алады, олар адамдарды оп-оңай «оқи алады». «Кез келген ұйымда айналадағыларға еш зияныңды тигізбей игілікке жаратып қалуға болатын пайдаланылмаған мүмкіндіктер бар», — деп түрме бақылаушысының, пррфессордың, сопы (монах), шерифтің орынбасары кейпінде жүріп көрген Демара айтады.   

«Өз ережелеріңіз бен интерпретацияларыңызды өзіңіз жасаңыз. Бұған ештеңе жетпейді. Есіңізде болсын — «күш вакуумына« еніңіз!»

«Жұрт мені бір адам деп жүрген кісі кім?» ⓘ

Біздің өзіміз туралы айтар болсақ, кісі атын жамылушы біздің ішімізде баяғыдан бұғынып отыр. «Персона» сөзі этрус тіліндегі «беттұмша» дегенді білдіретін phersu сөзінен шыққан. Латын тіліндегі persona сөзіне айналғанға дейін бұл ұғымсөз сахнаға беттұмшамен шығатындар  ойнайтын грек трагедияларында пайдаланылды. Шекспир «бүкіл әлем — театр» идеясын ұсынды, ал біз — рөлдеріміз уақыт өте келе және жағдаятқа қарай өзгеріп отыратын актерлерміз. Біз өзіміздің монологтарымызды білеміз, рөлдерімізді де білеміз. Ендеше басқа біреу болып көрінуге тырысып қажеті не? Психологтардың айтуынша, көңіліміздің түбіндегі жалған атты өзі тудырған кейіпкердің арқасында күш алып отырады. Әр таңда, біз айнаға үңілген кезде, ол жақтан бізге қарап тұрған адамды көріп, қарнымыз ашады. Біз, бар болғаны, бола аламыз деп ойлаған кісінің көлеңкесі ғанамыз. Тағы бір күнді қалай өткіземіз? Рөліңізге еніп, «әлеуметтік құбылғаққа» айналыңыз.  

«Әлеуметтік хамелеон» ұғымсөзі, — дейді Миннесота университетінің психология профессоры Марк Снайдер, - ішкі «мені» көпшілік танитын персонаға ұқсамайтын адамдарды сипаттайды.  

«Белгілі бір дәрежеде біздің бәріміз әлеуметтік хамелеондармыз, — дейді адамдар мен әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеп жүрген Снайдер. — Өзін қоршаған физикалық ортадағы түстерге сай өзгерте беретін хамелеон тәрізді біз де, қылықтарымызды түзу және қалыптасқан жағдаятқа сәйкес бейімдеп отыру арқылы, әлеуметтік атрибуттарды қабылдаймыз».

Ішімізде жатқан актер, дейді психологтар, жасалған өзінің бейнесі арқылы күш алып отырады. Әр таң сайын, айнаға көз салғанда, ондағы адамның бейнесінен көңіліміз қалады. Wolfgangfoto/ Flickr

Әлеуметтік хамелеондардың, дейді Снайдер, «өзін-өзі бақылауы» қатты дамыған, олар әр жаңа жағдайды бағамдайды, оған қалай икемделуді, айналасындағылардың көңілінен шығуды ойластырады. «Өзін-өзі қатаң бақылау» әр-алуан саладағы көптеген мамандықтарда кездеседі, олардың ішінде заңнама, актерлік жұмыс және саясат бар. Бірақ өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейіне ие кез келген адам, дейді Снайдер, мына бір ауыз сөзбен келісер еді:  

«Әртүрлі адамдармен мен өзімді әртүрлі, мүлдем басқа адамдай, ұстаймын».

Философ Дэниэл К. Деннетт біздің әрқайсысымызды ойдан шығарылған кейіпкерлермен салыстырады. Ол былай дейді: 

«Оқиғаның шынайылығын ұмытып кетіп, өз өміріміздің тарихын айтып және қайталап айтып беретін суайттарға біздің бәріміз ауық-ауық айналып тұрамыз».

Невролог Майкл Газзанигидің әрқайсысына әр түрлі аңғару тән болып келетін мыйдың бөліктері туралы зерттеулеріне сілтеме жасаған Деннетт бұндай бөспенің түп-тамыры мыйдың анатомиясында жатыр деп есептейді.   

Мыйдың бөлшектері, «жүріс-тұрыстық тұрғыдағы бірлікті құру үшін тапқырлық жолдарды пайдалануы тиіс», — деп жазады Деннетт. Сәйкесінше, «біздің бәріміз әр жағдайда әртүрлі қылық көрсететін шебер әңгімешілерміз… және біз әрқашан өзімізге шамамыз келген ең жақсы «беттұмшамызды» тағып аламыз. Біз бар көрген-білгенімізді бір жақсы хикаяға біріктіргіміз келіп тұрады».

Вуди Аллен бұл тақырыпты фарсқа айналдырды да, әлеуметтік ортаның қандай болғанына қарай өзінің сыртқы келбетін өзгерте беретін хамелеон-адам туралы түсірілген 1983 жылғы картинасы, деректісымақ «Зелиг» фильмінде паш етті. Көзілдірік таққан психиатрға, қара нәсілді джаз-музыкантына, қызылтәнді үндіске, тіпті костюм киген нью-йорктық янкиге айналған Леонард Зелиг дәрігерлерді таңдандырып, естен тандырды. Гипноздалған кезде Зелиг неге ортаға икемделе кететінін айтып берді:  

«Басқаларға ұқсас болсаң — саған төнген қауіп болмайды».

Өзің болып жүре беру неге бейқауіпсіздік сезімін тудырады? «Меннің» өзі ойдан шығарылған болуы мүмкін болғандықтан шығар? Бұл Майнц университетіндегі Нейроэтика бөлімінің және «Зерде» жұмыс тобының директоры, неміс философы Томас Метцингердің түйген ойы.  

«Бұл жалғанда «мен» деген нәрсе жоқ, — деп Метцингер в Being No One: The Self-Model Theory of Subjectivity-де жазды. — Ешкім ешқашан өзі болған емес және өздігіне иелік еткен жоқ».

Біздің санамызда, дейді Метцингер, өзіміздің алдамшы бейнеміз, жер-жаһанды терезе арқылы көретін, бірақ терезенің өзін көрмейтін «феноменалды мен» ғана бар. Өзіміздің қолданыстағы «менімізді» анықтау кезінде қателесіп қалып, біз өзіміздің бірлігіміз үшін күресеміз, бірақ сейсенбі күні бір адам, келесі күні сол адамның аздап түрленген нұсқасы болғанымызға ырза болуға тиіспіз, және де біздің демалыс күндері кім болатынымызды ешкім білмейді.

Метцингер біздің тұрақсыз өз-өзімізді тануымыз мына басты қағидаға сүйенетінін айтады:   

«Көптеген мәдени жетістіктер шындығында сіздің ажалды екеніңізді түсінумен бірге келетін үрейді еңсеруге тырысушылық болып табылатыны туралы үрейді басқару теориясы бар. Сіз өзіңіздің өлетініңізді түсінуіңіз біздің өзімізді елестету моделімізде үлкен арпалыс тудырады.  Кей кездері мен бұны біздің көзіміздің ашылуы себеп болған құрдым немесе екіге қарс айырылу, терең экзистенциялық жара деп атаймын — менің бар эмоционалдық болмысым ешқашан болмаған нәрсе бар екенін айтады, ал менің жеке өзімді елестететін моделім бұл нәрсе міндетті түрде болатынын айтады».

Басқаша айтсақ, «мен» ажалдылықтың болмай қоймайтынын түсінуіміз арқылы айқындалады. Бұл бізді «ештеңеден» ерекшелендіріп тұрады. Осы себепті біз рөлдерді сомдаған сайын рахаттанамыз. Оның үстіне біздің бұған арналған бір міні жоқ ортамыз бар. МІТ университетінде істейтін психолог, The Second Self: Computers and the Human Spirit кітабының авторы Шерри Таркл әлеуметтік медианы «айқындау технологиясы» деп атап жүр.

«Сіз көңіліңізге жаққан кез келген адам бола аласыз. Сіздің көңіліңізге жаққан кез келген достарыңыз болуы мүмкін. Сіз әртүрлі адамдармен араласып тұруыңыз мүмкін. Сіз өзіңізге ерушілердің, сізбен бірге болғысы келетіндердің махаббаты мен ризашылығына бөлене аласыз. Адамдар араласудың осындай түріне мұқтаж».

Осының бәріне қол жеткізу үшін адамдар жиі-жиі онлайн-хамелеон болып кетеді.

Осы арада кәсіби түрде кісі атын жамылатындарға сахна шамының жарығы бұрынғыдан ерекше жарқырап түсіп тұр. «Нью-Йоркердің» компьютер алдында отырған ит туралы әйгілі карикатурасында айтылып өткендей, «сіздің ит екеніңізді ешкім білмейді». Жалған аты-жөнді пайдалану, өзі жарыққа шығарған кітаптағы автор туралы мәліметке PhD сөзін қоса жазып қою, немесе тәжірибесі мен терең білімі болмаса да, талқыланатын тақырып бойынша блог жүргізу — цифрлық жалған аттылар Желіде көптеп пайда болып жатыр. Сіз Facebook-та жарияланып жүрген әдемі-әдемі суреттердің бәріне сенбейсіз ғой, солай ма?  

Бүгінгі таңда әрқайсымыз автопортретке дым қатысы жоқ шашыраңқы кубтық бейне болып жүрміз. Сондықтан, бізге біртұтас, толыққанды, кім екеніне сенімді болып көрінетіндерге қызығатынымызға таң қалудың реті жоқ. Бұл ниетіне найза бойламайтын суреткерлер өздерінің асқан шеберлікпен салынған автопортреттерін Рембрандттың қолынан шыққандай қылып көрсетеді. Фердинанд Демара. Фрэнк Абигнейл. Леонард Зелиг. Сен ше? Сен кімнің қалпағын теріс айналдырып кеткің келіп жүр?

monocler.ru, bilim-all.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...