Өлең, жыр, ақындар

ҰБТ нәтижесін қалай білуге болады

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тест ҰБТ тапсыратын 169 пунктіде өтеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны - 117 242. Оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380 адамды (өткен жылғы мектеп бітірушілер саны - 20 862) құрады.

«ҰБТ-2019 нәтижесін: @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен, edu.mail.kz сайтынан, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет», - деп атап өтті министрліктен.

Айта кетерлігі, биыл министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау мақсатында нақты қадамдар қабылдауда.

«Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларға бейжай қарамауды өтінеміз. Егер сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алу куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз +7 (7172) 69-50-87 телефонына хабарласып немесе @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз», - деді ведомстводан.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар