Эссе және өлең-жыр байқауы

Келбеті жас көрінетін адамдар ұзақ өмір сүреді екен

Адамның сырт келбетіне байланысты қабылданған жасты дәрігерлер пациент денсаулығының жалпы көрсеткіші ретінде пайдаланады. Ол 70 жастан асқан адамдар арасында өмір сүруді болжайтын қартаюдың сенімді биомаркері болып есептеледі екен.


 
Оңтүстік Дания Университетінде Кааре Кристенсен жетекшілігімен өткен зерттеушілер жеті жыл бойы 70, 80 және 90 жастағы 387 жұп егіздерге,   олардың қаншалықты жас көрінетіні мен қаншалықты ұзақ өмір сүретінін байланыстыру үшін зерттеу жүргізген болатын. Олар медбикелерден, сондай-ақ тағылымгер-мұғалімдер мен құрдастарынан суреттерден егіздердің бірінің жасын анықтауын сұрады. Содан кейін барлығына егіздің екінші сыңарының суретін көрсетіп, солар жайлы сұрастырды.

Зерттеу егіздердің қайсысы жасырақ көрінген болса, әдетте соның ғұмыр жасы ұзағырақ болатындығын дәлелдеді. Бұл екі себеппен түсіндіріледі:

Біріншісі: ДНҚ-да теломерлер деп аталатын фрагменттер бар. Олар жасушалардың көбею қабілетін көрсетеді және адамның жас көрінуіне осы теломердің тікелей қатысы бар. Теломерлер ұзын болған сайын, адам жас көрінеді және ол ұзақ өмір сүретін болады.

Екінші себеп — егіздердің өмірлерінің күрделілігіне байланысты. Былайша айтқанда, біреуі папкадан ауыр ештеңе көтеріп көрмеген болса, енді бірі өмір бойы құрыш қорытқан болуы мүмкін. Әлбетте, құрыш қорытушы зейнеткер есепші зейнеткерден әлдеқайда кәрі көрінуі заңдылық болар.

Осылайша, жасы үлкен көрінетін адамдар өзіне мұқият қарау керек. Өйткені сіз неғұрлым жас көрінсеңіз, соғұрлым ұзақ өмір сүреді екенсіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...