Эссе және өлең-жыр байқауы

Асқар Мамин: Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер тұр

ҚР Үкіметінің басшысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды, деп primeminister.kz сайты хабарлайды.

 А. Мамин Асхат Аймағамбетовтың білім беру саласында тиісті білімі мен үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Асхат Аймағамбетов түрлі жылдары Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы, білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарды, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын айтты. Бұл - мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білімді жаңғырту, сұранысқа ие заманауи мамандар даярлау, білім және ғылымның сапалы жүйесін дамыту.  

Сондай-ақ Үкімет басшысы ҚР Президентінің Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР білім және ғылым министрі лауазымынан босатылған Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа орында сәттілік тіледі.  

«Күләш Ноғатайқызы тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде қарқынды жұмыс істеп, еліміздің білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосты», - деді ҚР Премьер-Министрі.   


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (2)

Дархан

не болса да жас болғаны қуантады

Дариға Н

Жастан бұрын ең бастысы нағыз маман болуы шарт! Өкінішке орай СССР де өскеннің көбі заман талабына сай емес.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...