Өлең, жыр, ақындар

Омыртқаның мойын бөлігінің лордозын қалай емдеуге болады

Омыртқаның мойын бөлігінің лордозы дегеніміз не? Балалар мен ересектерде пайда болу себебі. Қандай белгілер аурудың бар екенін білдіреді. Патологиялық өзгерістерді кешенді түрде емдеу, ауруды алдын алу мүмкіндігі туралы оқи аласыз.

Мойын лордозы — бұл омыртқаның табиғи доғасының шамадан тыс иіліп немесе түзеліп кетуі. Патологиялық өзгерістер мойын омыртқасының бәрін және үстіңгі екі арқа омыртқасын қамтиды. Біліктен, көбінесе алға қарай, аномалды ауытқу дене мүсінін өзгертіп, өмір сапасын айтарлықтай нашарлатады және мүгедек қылып тастауы мүмкін.

«Омыртқаның мойын бөлігінің лордозы» ауруының сипаттамасы

Омыртқаның қалыптасуы адам құрсақта жатқан кезінде басталып, өмір бойы жалғасады. 18 жасқа қарай сүйек қатады, бірақ иілім сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгере беруі мүмкін. Мойын омыртқасының сүйектері жылжып, олар ұршық тәрізді бір-бірінен алшақтай бастайды, дискілер тығыздалады немесе алшақтайды, қылқанды өсінділердің арақашықтығы өзгереді.   

Мойынның физиологиялық иілімінің нормасы — 19-25°. Ол артқан кезде бұрыш 25-35° жетуі мүмкін — бұл ауру гиперлордоз деп аталады. Мойын омыртқасы иілімі өте аз болған кезде гиполордоз диагнозын қояды, иілім бұрышы 12-28° кеміп кетеді.

Мүсіннің бүлінуі салмақ түсетін жерді өзгертіп, сколиозды дамытып жіберуі мүмкін. Бастың иілуіндегі өзгеріс омыртқаның жанында тұратын күре тамырлардың қысылып қалып, қан айналымын бұзуы мүмкін. Қоректік заттар мен оттегінің жетіспеушілігі ОНЖ функцияларының бұзылуына апарып соғады.

Мойын лордозының пайда болу себептері

Патологияның дамуына тұқымда бар және туа біткен аномалиялар, жүре пайда болған аурулар мен түрлі себептерден болған жарақаттар ықпал етеді. Өмір салты мен әлеуметтік жағдай да ықпал етеді.

Балалардағы мойын лордозы

Баланың күтімі дұрыс болмауы мүсінін бүлдіріп, оның ары қарайғы өміріне әсер етеді.  

Балалар мойынының физиологиялық иілімінің өзгеріп кету себептері:  

◉ Торсиондық дистония мен қисық мойын болғаны үшін ыңғайлы позада тұру қажет болады, бұл ауруды күшейте береді.   

◉ Генетикалық факторлар немесе денсаулыққа қатты әсер еткен жүктіліктің кесірінен болатын аномалиялар мен патологиялар.  

◉ Бұлшықет пен байланыстырушы аппараттың дамуы тежеліп қалып, сүйектердің, оның ішінде омыртқаның жылдам өсіп кетуі.

◉ Көру және есту қабылетінің нашарлауы. Қандай бір затты көру немесе дыбыстарды есту үшін сәби рефлекторлы түрде басын июге, еңкеюге тырысып тұрады.

◉ Өте тар немесе керісінше, кең киім, жаттығу жасауға тиісті жағдайдың жасалмауы.

Балалық шақта пайда болып, лордоздың қалыптасуына ықпал ететін ауруларды бөлек қарастырып өткен абзал:  

1. Анкоилоз — омыртқадағы шеміршектік немесе фиброздық тіннің астасып кетуі;  

2. Рахит — сүйек тінінің минерализациясының бұзылуы.  

Бұл күй әртүрлі ауруларды ұшықтырады: мойын бөлігіндегі жаңа пайда болған ісіктер (қатерлі және қатерсіз), қабыну үдерістері.  

Ересек адамның лордозы

Ересектердің омыртқасының мойын бөлігіндегі патологиялық иілім балалық шағында жоғарыда айтылып өткен себептер бойынша қалыптасуы мүмкін немесе кеселдерге немесе кәсіби қам-қарекетіне байланысты 18 жастан соң пайда болуы мүмкін.   

Ересектерде мойын лордозына себеп болатын факторлар:

◉ Сүйек және бұлшықет тіндеріне зиян келтіретін аурулар: Бехтерев ауруы, остеомиелит, остеопороз, остеохондроз, сүйек туберкулезі.  

◉ Мүсінді бүлдіретін кифоздардың (құныс ауруы) немесе лордоздардың болуы.   

◉ Метоболизм деңгейіне ықпал етуші эндокриндік жүйенің аурулары — қант диабеті, гипертиреоз, гипотиреоз.   

◉ Ұзақ уақыт, кейде ыңғайсыз, қалыпта болу қажет кәсіби жағдай, жұмыс орнына жарықтың жеткіліксіз түсуі.

◉ Көру және есту қабылетінің үдемелі түрде нашарлауы.

◉ Кәсіби зияндылықпен, темекі тартумен, алкоголь ішімдіктерін және есірткілерді тұтынумен байланысты улану.  

Егер балалардағы лордозды тудыратын себептерді жою кезінде патологиялық өзгерістердің орнын толтыруға болатын болса, ересектерде мүсіннің бүлінуі  сол күйі қала береді.

Омыртқа мойын лордозының негізгі симптомдары

Балалардың лордозға шағынатын кездері сирек. Ауру туа біткен болса, олар басын қалай ыңғайлы болса, солай ұстауға еті үйреніп кетіп, бастың ықтиярсыз иіліп тұрғаны жағымсыз сезім тудырмайды.  

Лордоз біртіндеп қалыптасатын болса, мойындағы жағымсыз сезімдер, самайында немесе маңдайында аз уақытқа ауырсыну сезімі мазалайды. Біртіндеп басының алға қарай немесе бір шетіне қарай иіліп кеткені байқалады.  

Клиникалық жай-күй мына жағдайда нашарлайды:

1. Ауырсыну күшейіп, мойынға немесе жауырынға өтеді, басты ию немесе бұру қиындап кетеді.

2. Бас айналып, құлақ шулай бастайды.

3. Бет терісінің жаны кетіп, буындары түршігеді, қол ұйып қалады, таңертең саусақтар икемге келмей қояды.

4. Тәбет нашарларап, қай-қайта жүрек айни береді.  

5. Мыйға оттегі аз барып тұрғандықтан, анемия ушыға бастайды.

6. Есте сақтау қабылеті нашарлап, бір нәрсеге зейін салу қиындайды.  

Омыртқаның барлық бөліктері бір бірімен байланысты болғандықтан, мойын лордозы омыртқаның басқа бөліктерінің иіліп кетуіне себеп болады, көкірек қуысының пошымы өзгереді. Бұл тыныс алудың бұзылуына апарып соғады — терең тыныстау қиын болып кетеді. Стенокардия мен тахикардия пайда болады. Іркілістік құбылыстар ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) мен мыйдың ілеспе ауруларын тудыруы мүмкін.  

Омыртқаның мойын бөлігінің лордозын емдеу ерекшеліктері

Ересектердің мойын тұсындағы омыртқасының физиологиялық иілімін толықтай қалпына келтіру мүмкін емес. Терапавттік шаралардың мақсаты — ауырсынуды кетіру, қимыл-қозғалысты қалпына келтіру және денсаулықтың нашарлауын тоқтату.

Мойын лордозын медициналық дәрі-дәрмек арқылы емдеу

Фармацевтикалық құралдар қабыну үдерістері кезінде ауырсыну сезімін кетіру үшін пайдаланылады.

Мынандай дәрілер белгіленеді:

◉ Қабынуға қарсы бейстероидты дәрі-дәрмек (ККБСД). Таблеткаларды және инемен салынатын дәрілерді қолданады. Оларға Ибупрофен, Диклофенак, Кетонал жатады. Ас қорыту ағзалары қабынып кетпеуі үшін бұл дәрілер 5-7 күннен артық пайдаланылмайды. Мовалисті (мелоксикам) 7-10 күн пайдалануға болады, ол асқазанның шырышты қабығына зиян келтірмейді. Таблеткаларды күніне 3 рет тамақтан соң ішеді, инъекцияларды екі рет — таңертең және кешке салады.  

◉ B тобының дәрумендері (B1, B6, B12). Нейробионның немесе Нейрорубиннің құрамында бұл дәрумендер толығымен бар. Емдеу курсы — 10 күн, бір рет қана пайдаланылады.  

◉ Бұлшықеттің ауырсыну сезімін кетіру. Мидокалм немесе оның аналогтары: Сирдалуд, Топеризон, Баклофен. Бұлшықетке тәулігіне 2 рет салынады, тамырға бір рет салынады.    

Емдеу ұзақтығын және қай дәрінің қанша рет қолданылатынын әр пациенттің жеке басы ерекшеліктеріне карай нақтылайды.   

Ауырсыну жойылып, қан айналымы қалпына түскен соң, омыртқаның мойын бөлігінің қимыл-қозғалысы мен қозғалғыштығының амплитудасын орнына келтіру үшін арнайы жаттығуларды жасауға кеңес беріледі.

Мойын лордозы болғанда жасалатын жаттығулар

ЕДШК (емдік-дене шынықтыру кабинетіндегі) жаттығулар қабыну үдерісі тоқтаған соң басталады. Бұл уақытты пациент ауырсынуды сезбеуі тиіс. Емдік кешенді дәрігер пациенттің клиникалық ахуалына қарай, мойын тұсындағы омыртқаның жай-күйін ескере отырып таңдап алады.  

Алғашқы күндері нұсқаушымен бірге жаттығуға кеңес беріледі, одан кейін, түсетін күш деңгейін ескере отырып, бұны үйде істей беруге болады. ЕДШК дейін және одан кейін қан қысымы мен жүрек соғысы жиілігі тексеріліп тұрады.  

Жаттығуды, бұлшықетті қыздыру және жарақат алып қалмау үшін, денені ысытудан бастайды. Егер пациент төсек тартып жатса, онда алдын ала аяқ-қол мен мойынға массаж жасалады. Науқас өзі шынтағы мен тізесін бүгіп-жазады, көтерілген қолдары мен аяқтарын буындарында ары бері бұрады.   

Егер пациенттер төсек режимін сақтауы қажет болмаса, онда дене қыздыруға жүріс, аяң жүгіріс, қолды көтеру және екі жаққа жазу кіреді.  

Мойынға арналған жаттығулар:

1. Баяу қарқынмен басты айналдыру. Әуелі отырып, сосын тұрып, әр жаққа 5 рет реттен істеледі.  

2. Басты алға, артқа, оңға және солға қарай ию. Тек отырған күйде істеледі, бас айналып кетпеуі үшін көз ашық болады. Оң не сол жаққа еңкейіп-жантайғанда құлақ иыққа мейлінше жақын болуы тиіс. Әр қимыл 6 реттен артық жасалмайды.  

3. «Қайық». Шалқалап жату керек. Бір уақытта иекті кеудеге тақап тұрып, аяқты құшақтап, ішке қарай тартады. Осылай 10 рет тербетіледі. Жаттығу 5 рет жасалуы тиіс.

4. «Мысық». Бұл жаттығу лордоздың барлық түрлері кезінде пайдасы тиеді. Тізе-шынтаққа таянып тұрады, Жауырын тұсында иіліп, ақырындап жоғары қарау керек, сосын басты түсіріп, иекті кеудеге тигізеді.  

5. «Терезеден қараған апай». Горизонталды беткейге етпетінен жатады. Иек тұсына қалың кітапты қояды, оның үстіне екі қол бірін бірі ұстап тұрады. Иекті тігінен қояды да, бір минут бойы осы күйде тұрады, басты бір жаққа қарай бұрады. Әр жаққа 5 реттен 10 рет қайталап жасаланады.   

ЕДШК кешенін аяқтап, шалқалап жатады. Басты кеудеге қарай иеді, қолдың демеуімен отырады, басты көтереді. Тұрып, қолды қағады.  

Лордоз кезінде жасалатын жаттығулар мойын тұсындағы қан айналымын жандандыра түсуге, байланыстырушы аппаратты нығайтуға, омыртқаның қозғалымдығын жақсартуға септігін тигізеді.  

Балаларға бұл емдік кешенге швед қабырғасын (гимнастикалық аксессуарға арқамен жабысып тұрып, басты еңкейтеді) және нұсқаушының көзінше доппен ойнайтын қозғалымды ойындарды қосып береді. Ересектерге жүзумен айналысуға кеңес беріледі.

Шентемір (бандаж) арқылы мойын лордозын түзеу

Мойынға тағылатын бандаж — бұл пошымы киім жағасы тәрізді тығыз жастықша. Ол мойынды белгілі бір қалыпта ұстап тұрады, қан айналымының бұзылысын және нерв талшықтарының қысылып қалуын болдырмайды. Қатты, шала қатты және аздап қысып ұстайтын конструкциялары пайдаланылады.

Қолдану үшін көбінесе мына аксессуарлар типтері белгіленеді:  

◉ Шанц шинасы. Қаңқасы тығыз материалдан, пластик шинадан немесе полиуретаннан жасалады. Бұл бұйым мойын пошымын қайталайды, қан айналымын жақсартады, жылыжай әсерін беріп, жылытады. Мойын омыртқаларының арасын ашып және бұлшықетке түскен күшті азайтатын емдік әсері бар.  

◉ «Филадельфия» бандажы. Гипоаллергенді көбікполиуретан жасалған, мойын тұсындағы саңылаудың арқасында жылыжай әсері болмайды. Бұл корсет түрін трахеостомамен бірге тағып жүре беруге болады. Арнайы жабысқақ түймеліктің арқасында ол тағып алуға және шешіп тастауға қолайлы. Жарақат алған соң, операциядан соң, мойын омыртқасының орынынан тайған, мойын бұлшықеті созылған кезде пайдаланылады.  

◉ Жел толтырылатын құрсама (жаға). Бірнеше пайдалану нұсқасы бар. Мойынға салып, керекті көлемге дейін үрлеп, физиологиялық күйінде ұстатып қоятын резина жастық түріндегі ең қарапайымы. Ішінде ауа толтырылатын элемент болатын өзара біріктірілген екі жолақтан құралған күрделірек түрі. Бұндай бандажды тағып ұйықтауға да болады.

Бандаждың типі мен емдеу уақытының ұзақтығын дәрігер айқындайды. Бұйымды еш шектеусіз тағып жүре берсе, гиполордоз күш алып кетуі және ахуалдың нашарлап кетуі мүмкін.

Омыртқаның мойын бөлігінің лордозы болған кездегі хирургиялық әрекет

Туа біткен немесе жарақат алған соң пайда болып, асқынған лордоз кезінде хирургиялық отаға жүгінеді. Істік, тілімше және тоғын түріндегі арнайы металлконструкциялар арқылы омыртқа доғасының иілімін арттырады немесе азайтады.  

Лордоз біртіндеп өзгеріп отырады. Металлконструкциялардың қысымы иілімді арттырып немесе азайтып, физиологиялық күйді қалпына келтіреді. Пациенттің организмі өзгерістерге біртіндеп көнігуі үшін емдеу кезінде және оңалтып-сауықтыру барысында мойынын қозғалмайтын етіп тастайды.

Ота әрекетінің көлемі әр жағдайда науқастың жеке басы ерекшеліктеріне қарай белгіленеді. Жалпы наркоз қолданылуы міндетті. Оңалту кезеңі бір жылға жуық болады.

Қимыл-қозғалысты қалпына келтіруге арналған терапевттік амалдар:

1. Бас кезінде тұрақты түрде тағылатын бандаж;  

2. Массаж, физиологиялық ем және ине салу арқылы істелетін рефлексотерапия;  

3. Міндетті түрде қолданылатын ЕДШК кешені.  

Мойын тұсының массажы, шипажай-курорттық ем және физиотерапия — магнитпен емдеу, ультрадыбыс, ине піскілеу және бағытталған инфрақызыл ағынмен қыздыру омыртқаның мойын бөлігінің лордозын емдеу кезінде қолданылатын қосымша амалдар болып табылады.

Рационнан буындарға тұз тұрып қалуына себеп болатын құрамында пуриндер бар азық-түлік: майлы ет, субөнім, консервілер, дәмдеуіштер мен астатым тұздықтар, бұршақ тұқымдастар, алкоголь және тәтті тағамдар алынып тасталады.  

Ауру қайтып соқпауы үшін арнайы таңдап алынған жаттығуларды үнемі жасап жүру және ортопедиялық жастықты жастанып ұйықтау керек. 

Омыртқаның мойын бөлігінің лордозын емдеуді бастамай тұрып, ол патологияны тудырған және дамытқан нақты себепті анықтап алу қажет. Негативті факторды жойған соң, омыртқаның бел бөлігіндегі дегенеративті өзгерістердің түзілуін тоқтатып тастауға болады.

Оқуға кеңес береміз:

Ишиас

Белді қорғаудың 10 жолы

Сүйек-буын туберкулезі

Остеопороз


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз