Өлеңдер бөлімі

Біз неге қателесуден қорқамыз?

Қорқыныш — біздің іс-әрекетімізге әсер ететін ең күшті сезімдердің бірі. Шешім қабылдауда, қандай да бір істі қолға алуда, сондай-ақ жеткен жетістіктерімізде де оның өзіндік үлесі бар.

Бүгінгі бар болмысымызға да белгілі бір дәрежеде қорқыныш әсер еткен.

Қорқыныштың әсері

Қорқыныштың негізгі мақсаты — адамның өзін қорғауға тырысуы. Алайда, бұл сезім — біздің және мақсаттарымыздың арасындағы негізгі кедергі.

Егер қорқынышты пайдаға асыруды үйренсеңіз, жетістікке жету әлдеқайда оңай.

Қорқыныштың формасы көп.

Оның кейбірі иттен не өрмекшіден қорқу сынды жеке адамға ғана тән қорқыныштар болса, енді біреулері жаңа дүниелерді жасап көру, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу сынды барлық адамда болатын әдеттегі қорқыныш.

Сәтсіздіктен қорқу

Барлық қорқыныш түрлерінің ішінде жетістікке жету ықтималдығына тікелей әсер ететін қорқыныш айрықша орын алады. Бұл — сәтсіздіктен қорқу.

Сәтсіздіктен қорқу — мақсатқа қол жеткізе алмаған жағдайда тап болатын жағымсыз салдарларға мінез-құлықтың эмоционалды реакциясы.

Бұл — жағымсыз жайттарға ұрындыруы мүмкін іс-әрекеттерді орындауды қаламау, қатты уайым мен негативті ойлау.

Ғылым не дейді?

Бұл қорқыныштың ғылыми атауы «атихифобия» деп аталады. Фобияның осы түрін серік еткен адамдар өз күш-жігерін табысқа жетуге емес, жағымсыз салдарлардың алдын алуға жұмсайды.

Мысалы, олар өз жұмысынан тыс маңызды жобаны сәтті аяқтап, қызметте өсу үшін емес, бастық оны жалқау деп есептемес үшін жасайды.

Сондай-ақ мұндай адамдар істі жақсы жасауға қабілеті барын біле тұра өзіне төмен стандарттар қойып алады. Сырттан баға берілетін жағдайлардан аулақ болуға бейім.

Қорқыныш — кедергі

«Атихифобия» адамдарды мақсатқа жету жолында әдейі кедергі жасап алуға мәжбүрлейді. Нәтижесінде, адам өз-өзін емес, жағдаятты айыптайды.

Сәтсіздіктен қорқатын адамдар үнемі шаршаңқы хәлде жүріп, сарсаңға салған уайым мен энергияның аздығын сезінеді. Өз өміріне разы емес болғандықтан, жұмысы да ауырлай береді.

Сәтсіздіктен қорқу көп қырлы. Одан құтылу үшін оның түрін, себебін және салдарын анықтау керек. Өз қорқыныштарын білу және қабылдау шектен тыс уайымға салынбай, жауапты міндеттерден қорықпауға көмектеседі.

Қателік жасаудан қорқудың себептерінің ең кең тараған түрі төмендегідей:

1. Біз сәтсіздіктен қысыламыз

Ешкім сәтсіздікті мақтан тұтпайды. Ешкім арықтай алмаған немесе қызметте өсе алмаған адамды мақтамайды.

2. Сәтсіздік сіздің лайық емес екеніңізді көрсетеді

Сәтсіздік «мен жеткілікті дәрежеде талантты, ақылды немесе қабілетті емеспін» деген ой таңуы мүмкін.

3. Сәтсіздікке тап болған адамның болашағы бұлыңғыр

«Мен сәтсіздікке ұшырасам не болады? Шығындарды қалай өтеймін? Таңдау жасағаныма үйреніп кете аламын ба?» деген ойлар тек үмітсіздікті арттырып, бақытты болашақты бізден алыстатады.

4. Сәтсіздік әлеуметтік «өліммен» тең

Кей адамдарды өзгелердің пікірі алаңдататыны сонша — сәтсіздік болған жағдайда олардың маған деген қызығушылығы төмендейді деп ойлайды.

Адамдар оларды қоғамда «өлілердің» қатарына жатқызады деген қорқыныш болады.

5. Сәтсіздік жақын адамдарды жабықтырады

Сәтсіздікке ұшыраған жағдайда өз өміріндегі маңызды адамдарды — отбасы, достар немесе жұмыс берушілерді — жоғалтамын деп ойлайды.

6. Сәтсіздік құрдымға кетуді білдіреді

Практикалық тұрғыдан сәтсіздік қаржы, уақыт және күш сияқты физикалық шығындарға әкелуі мүмкін.

Оқуға кеңес береміз:

Бақытсыз, бейбақ, сәтсіздіктен көз ашпайтын адам болудың 10 себебі

Өз қателіктеріңізден сабақ алуға үйрететін 3 сөз

Сәтсіздіктің үш кезеңі

Миллиардер атанған 5 бейбақ

Өзімізге деген сенімділікті жоғалтатын 5 нәрсе

Джон Рокфеллер берген чек

Сенім

Сәтсіздіктер

Әп-сәтте сенімділігіңізді артырудың 5 әдісі

Мотивациядан айырылып қалу себептері

Көбелектен алынған сабақ

Ми және денсаулық


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...