Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Әлемде жап-жаңа көліктердің мазарлары неліктен пайда болуда?

Калифорниядағы шөл дала шыжыған күн әсерінен күннен күнге шөгіп бара жатқан су жаңа мыңдаған Volkswagen-дердің бейітіне айналды. Бұл қандай да бір себептермен өзінің иесін таба алмаған автомобильдердің жалғыз қорымы емес.  

Неге бұлай болып жатқанын және ондағы автомобильдердің болашағының бар-жоғын анықтап көрейік.  

Жаңа көліктердің күресіндері қалай пайда болды?  

© Lucy Nicholson/ Reuters

Мохава шөл даласындағы ондаған мың Volkswagen 2015 жылы шыққан дизельдік шу-жанжалдан соң пайда болды. Неміс концерні жүргізген тестілер кезінде ауаға шығатын зиянды газдардың мөлшерін азайтып көрсеткен екен. Осылайша бүкіл әлемдегі 11 млн жуық «темір тұлпар» экологияға және жүргізушілерге зиянды болып шықты.  

Өзінің абыройын сақтап қалу үшін компания 350 мың автокөлікті иелерінен сатып алды да, оларды «ұзақмерзімді демалысқа» жіберді. Қазір автомобильдердің біразы Детройттағы қараусыз қалған стадионда, Миннесотадаға бұрынғы қағаз фабрикасының ғимаратында, калифорниялық шөлдалада және 34 құпия сақтау орындарында тұр.   

Бұл машиналардың болашағы бар ма?  

© Lucy Nicholson/ Reuters

Мыңдаған «лас» Golf-тер мен Jetta-лар бұнда тұрғанына бірнеше жыл өтті, Volkswagen болса, ол көліктердің детальдарын ауыстырып, экологиялық тұрғыда зиянсыздау еткен соң, сатуды жоспарлап отыр. Бірақ, ай сайын конвейерден абырой-беделіне нұқсан келмеген жаңа көлік модельдері шығып жатқанда және осыны білетін әлеуетті сатып алушылар тұрғанда бұл мүмкін бола қояр ма екен? Осы күресіндегі көліктер санын көбейткен сәнді де сапалы Audi машиналарының өзі де бұндай мүмкіндікке ие бола қоюы екіталай. Компания ойластырып жатқан балама нұсқа да жақсы амал емес: машиналарды баспаққа (пресс) салып, қайта өңдеуге жіберу.  

Тағы қандай көліктердің мазарларын Google Maps-тан көруге болады?  

© Lucy Nicholson/ Reuters

Volkswagen мазары бүгінгі таңда жалғыз емес: Nissan, Citroen — бұлардың бәрінің өз көлік қорымдары бар. Тек бұл компаниялардың қорым жасау себептері басқа: олар өз машиналарын сатып бітіре алмай жатыр. General Motors бұдан ары кетті — осындай көлік қорымдарын жасау үшін жер сатып ала бастады. Көліктің жасалу технологиялары басқа жаңа буындары ескірген модельдерді нарықтан ығыстырып тастап жатыр, ендігі оларға бар бұйырғаны — осы сияқты қорымдарда іріп-шіру ғана.  

Бұл қорымдар құпия ұсталады: компаниялар және көптеген ақпараттық ресурстар автомобиль қоқыстарының бар екенін теріске шығарады. Алайда, дұрыстап іздесе, бұл көлік сақтау орындарын Google карталарынан тауып алуға болады.   

Корби, Нортгемптоншир, Ұлыбритания

© maps

Эйвонмут, Ұлыбритания

© maps

Испанияның Валенсия қаласындағы кеме айлағы

© maps

Суиндон, Ұлыбритания

© maps

Ширнесс, Ұлыбритания

© maps

Бонус: Калифорниядағы ұшақтар қорымы

© China Plus America

Компаниялар неге бұл автомобильдерді үлкен жеңілдік жасап сатып жібермейтіні, қайырымдылық қорларына немесе мұқтаж кісілерге бермейтіні белгісіз. Бұлай ету ол машиналарды қосалқы бөлшектерге шашып тастаудан әлдеқайда жақсы ғой.  

Сіздің ойыңызша, бұл мәселені шешудің басқа да жолдары бар ма екен?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Серік

Киноға тығып бәрін өртеп, жарып, соғып тастауға болады))

Ринат

Бағасы арзандап кетпесін деп шірітіп жатқан иттер ай

Болат

Қайран көліктер ай

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...