Өлең, жыр, ақындар

Атақты миллионерлер байып кеткенге дейін қандай болып, немен айналысқан еді

Илон Маск, Билл Гейтс, Джек Дорси — осы кісілердің бәрі миллиондаған адамға танымал, сондықтан тұтынушылар алдындағы абыройын сақтау жайын үнемі ойлап жүруге мәжбүр. Бірақ әрдайым осылай болып келген жоқ. Біз мына байыпты да байсалды кісілердің банктегі шоттарындағы нөлдер саны күрт көбейіп кеткенге дейін қандай болғанын көру үшін осы танымал бай-бағландардың ескі суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.  

Осы суреттер жинағын даярлау кезінде біз бұл дөкейлер, дәл біз сияқты, бейқам балалық шақты, жалындатқан бозбала мен бойжеткендік шақты және тосындыққа толы жастық шақты бастарынан өткергенін тағы бір еске алдық. Сонда осы бизнесмендер бізге өз ұлылығының фонында көзге әрең ілінетін тастай қатты, темірдей берік кісілер сияқты болмай қалды.

Илон Маск

© elonmusk / Twitter   © Xinhua News/East News

18 жастағы Маск көкесінің фермасында жұмыс істеп жүргенде дәулеті миллиардтаған долларды құрайтын табысты кәсіпкер және өнертапқыш болатыны үш ұйықтаса түсіне кірмейтін.    

«Ол кезде жанып тұрған от едім ғой», — деп Маск өзінің ескі суретіне комментарии жазды. Біз де оның бұл сөзімен келісеміз.

Оқуға кеңес береміз:

Илон Маск деген кім және әлемнің өзгеруіне қандай ықпалы бар?

Еңбекқордың құпиясы: Илон Маск қалай жұмыс істейді?

Павел Дуров

© durov / Instagram   © durov / Instagram

Кішкентай Павел Дуров бір-екі жыл Туриндегі (Италия) бастауыш мектепте оқыды, сосын Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург, Ресей) көшіп кетті де, ол жерде гимназияға барды. Ол гуманитарлық ғылымдарға ынтасы бар қабылетті оқушы болды.  

Павел 24 жасқа толғанда «ВКонтакте» әлеуметтік желісін құрды, ал 2013 жылы Telegram мессенджерін іске қосты. Бұл екі өнімге де көпшіліктің ықыласы ерекше, ал оларды құрған адам Forbes журналының пікірінше планетамыздағы 200 ең бай адамдар тізімінде жүр.   

Билл Гейтс

© Public domain / Wikimedia   © thisisbillgates / Instagram

70-жылдары Билл Гейтсті полиция екі рет ұстаған. Екі жағдай да жүргізуші куәлігінсіз көлік айдағанына байланысты. Осындай күндердің бірінде алғашқы сурет түсірілген.

Ол кезде Билл Гейтс құрған Microsoft компаниясы жаңа дамып келе жатқан болатын. Алайда, біраз уақыт өткен соң, ол компаниядан түсетін пайданың артқаны сондай, Билл 18 жыл бойы жер-жаһандағы ең бай адам болып жүрді.

Оқуға кеңес береміз:

Билл Гейтстен табысты болудың 10 ережесі

Билл Гейтстің көшбасшылық сырлары

Джефф Безос

© jeffbezos / Instagram   © Daniel Lynch / eyevine / EAST NEWS

Бозбала күнінде Джефф McDonald's-та жұмыс істеді және күндердің күнінде миллиардер болып кетемін деп ойлай қойған жоқ-ау. Алайда, жылдар өте келе, ол Amazon компаниясын құрды да, соның арқасында $ 135,6 млрд тауып, 2018 жылы әлемдегі ең дәулетті адам болып танылды.  

Оқуға кеңес береміз: Әлемнің ең бай адамы атанған Джефф Безос деген кім?

Джек Дорси

© jack / Instagram   © Hindustan Times/Imago Stock and People/East News

Болашақ Twitter-ді құрушы Джек Дорси 14 жасында интернет арқылы такси және курьерлерді шақыруға болатын бағдарламалық жасақтаманы жасап шығарды. Сондай-ақ болашақ миллиардер жас кезінде фотомодель болып та жұмыс істеді.

«Шықылықтайтын» микроблогтар желісі Дорси 30 жасқа келген кезде іске қосылды. Қазіргі таңда ол желіні құрушының байлығы $ 5,2 млрд-қа жетіп отыр.  

Ричард Брэнсон

© richardbranson / Instagram   © richardbranson / Instagram

Ричард Брэнсон кішкентай кезінен бастап-ақ өзінің жеке кәсібін ашуға тырысып бақты. Мектепте оқып жүргенінің өзінде ол жаңа жылдың төңірегінде сатылатын шыршаларды өсіруге және бұйра тотықұстарды өсіруге тырысты. Оның бұл екі жобасы да іске аспай қалды.  

Брэнсонның алғашқы табысты бастамасы Student журналы болды, онда басқа адамдарды санамағанда, Мик Джаггердің және Джон Леннонның жазғандары басылатын. Ричард 17 жаста болған кезде ол өзінің бірінші Student Advisory Center қайырымдылық ұйымының негізін қалады.   

Бүгінгі таңда 68 жастағы Ричард Брэнсон Ұлыбританияның ең бай тұрғындарының бірі болып саналады. Ол құрамында 400-ге жуық әртүрлі компаниялар бар Virgin Group корпорациясының негізін қалаған.

Оқуға кеңес береміз:

Ричард Брэнсонның бойыңды рухтандыратын 11 даналық сөзі

Сара Блейкли

© sarablakely / Instagram   © sarablakely / Instagram

Бірінші суретте болашақ бизнесвумен 21 жаста. Ол студент және бар арманы — ол ұзын қара қолаң шаш (суретке түсу үшін бұл бойжеткен парик киіп тұр).

Колледжді бітірген соң Блейкли коммивояжер болып жұмыс істеп, «есіктен есікке дейін» әдісін қолданып факсимильдік аппараттарды сатты. Сараның униформасы колготка киюді талап ететін, бірақ ол бойжеткен ылғалды әрі ыстық Флоридада жайсыздық сезінбей күні бойы жүруге болатындай ойынан шыққан колготка таба алмады.    

Осы себепті, шешесінің көмегіне сүйенген Блейкли өзі сондай шұлық өнімдері топтамасын жасап, оны патенттеп алды. Кейінірек бойжеткен тағы ішкиім өндірісіне ден қойып, құрылғанының алғашқы жылында-ақ $ 8 млн пайда әкелген Spanx компаниясын ұйымдастырды.  

Криштиану Роналду

© Cristiano Ronaldo / Twitter   © cristiano / Instagram

Криштиану Роналду футболмен 8 жасында айналыса бастады. Сол кезден бері ол тарихтағы ең қымбат футболшыға айналды (2009 жылы испандық «Реал Мадрид» клубына ауысуы үшін ағылшындық «Манчестер Юнайтедке» £ 80 млн төленді) және бірнеше мәрте чемпионаттардың үздік бомбардирі болып танылды.  

Чемпиондар лигасындағы кезекті жеңісінен кейін Роналду өзінің бала кезіндегі суретін Twitter-де жариялады. Суретте Nike белгісі мен «Бұл бала білген» деген жазу бар.   

Бір атап айтатыны, фанаттары спортшының суретте Adidas футболкасын киіп тұрғанын байқап қойған. Бұл, әрине, әлеуметтік желіде отыратындардың көңілін біраз көтеріп тастады.   

Марк Цукерберг

© Mark Zuckerberg / Facebook   © Kyodo / East News

Марк Цукерберг көпбалалы отбасында дүниеге келді, ол 4 баланың ішіндегі жалғыз ұл болды. Мектепте оқып жүргенде-ақ ол бағдарлама құруға қызыға бастады. Оның алғашқы жобаларының бірі «Тәуекел» ойынының желілік нұсқасы еді.    

2004 жылы Марк Цукерберг өзінің бір топ ниеттестерімен бірлесіп, Facebook әлеуметтік желісін құрды. Ол кезде желіні құрушы 20 жаста ғана болатын. Бұл жобаның бұқара арасындағы танымалдығы Марк Цукербергтің бірнеше жыл өткен соң дәулеті $ 71 млрд құрайтын ғаламшардағы ең бай адамдардың алғашқы ондығына кіруінің себебі болды.

Табысқа апаратын кез келген істің өз бастауы бар. Ең бай және әйгілі кісілер көбінесе қарапайым балалар ішінен өсіп шығады. Өз балаңызға көз салыңызшы. Бір күні ол да осындай бір мақаланың кейіпкері бола ала ма, қалай ойласыз?

Оқуға кеңес береміз:

Өз қателіктеріңізден сабақ алуға үйрететін 3 сөз

Өзгелерді кінәлауды доғартатын 3 қадам

Ақылды адамдар жасайтын ақымақ әрекеттер

Адамдардың өмірде көп жіберетін 5 қателігі

Ұлы адамдардың қалыптасқан әдеттері

Сәтсіздіктің үш кезеңі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Бекнұр

Арасында кедей отбасыдан шыққандар аз, дегенімен орта қатты маңызды, кремний алқабында өмір сүрсең айналаң сол болса, ойың бәрі сол болса, соның бәрі қалыпты жағдай болады да, сол себепті сол жерден әлемді тесіп шығатындар көп

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз