Өлең, жыр, ақындар

Сынық терезе теориясы

                                  
1980 ж. Нью-Йоркті қаласын бәрі “тозақ қаласы” деп атайтын. Онда күніне кемінде 1500 қылмыс жасалынатын,оның ішінде 6-7 адам өлтіру қылмысы тіркелетін. Түнде қала аралау, метрода тіпті, күндіз жалғыз жүру болатын.Және де  лас, аяқ асты қоқыс, шаңға толы вагондар ішінде  әлсіреп жанған сары шамдар бар еді. Метро іші немесе қабырғалардың  барлығында дерлік былапыт сөздер жазылған граффитилер өте көп болды.. Бір сөзбен айтқанда қала қаһарлы қылмысқа толы, тура эпидемия ұқсап тұратын. Бірақта, 1990 жылдан  кейін қылмыс күрт азайды. Ауыр қылмыс саны 50%, ұсақ қылмыс саны 3/2 төмендеді. Қандай себеп екенін қайдам, әйтеуір, мыңдаған қылмыскерлер мен адуынды адамдар қылмыс жасауды лезде доғарды. 
Оған не себеп болды?  Қандай ғаламат жағдай болды? Осы орайда сынық терезе теориясы жайлы сөз қозғасақ.. Канадалық социолог М.Гладуэллдің кітабына үңілсек:
- Сынық терезе теориясы - криминалисттер Уилсон мен Келлингтің жемісі болып табылады. Олардың ойынша қылмыс - тәртіптің жоқтығынан болатын деп есептейді.. Егер  терезе сынық болса, оны көрген тұрғындар айналадағыларға да, мемлекеттің  тәртіпке түкіргені бар деп ойлайды және көп ұзамай қалған сау терезелердің бәрін сындырады. Яғни, терезені сындыру, жазасыз қалған адамды  одан да ірі қылмыс жасауға итермелейді. 
 
М.Гладуэлл әлеуметтік эпидемиямені бақылаумен айналысқан. Оның ойынша адам қылмысты ата-анасының осал тәрбиесінен немесе тұқым қуалайтынтығынан жасамайды екен.Ол  қоғамда қандай көрініс көрсе соны жасауға тырысады -дейді.. Нидерландиялық социологтар мұны қолдайды. Олар мынадай эксперимент жасап көріпті. 
Қоқыс жәшігінің жоқтығын көріп қанша адам қағазды жерге тастай саларын бақылау мақсатында, дүкен жанындағы велосипед тұрағынан қоқыс жәшігін алып тастап ,оған қоса велосипед рөліне жарнама қағаздарын қыстырып қойыпты. Сонда адамдардың 20-25% қағазды жерге тастай салыпты, қалғаны өзімен бірге алып кеткен.. Келесіде дәл осы тұрақ жанындағы қабырғаны былапыт сөздер жазылған граффитимен бояп және қоқыс жәшігін қайтадан алып тастайды да бақылайды. Қағазды жерге лақтырушылар көрсеткіші 70% жетті.
Жалпы қылмыс дәуіріндегі Нью-Йоркке оралсақ.1980 ж. Нью-Йорк метросында басшылық алмасып, жаңа директор Д.Ганн өx  жұмысын метро қабырғаларындағы граффитимен күресуден бастайды. Басында қала тұрғындары Ганның бұл ынтасын қош көрмеді. Оған метрода граффитиден өзге қылмыстардың көптігін, техникалық проблемалардың барын айтып шағымданушылар көп еді. Д.Ганн метро вагондарына салынған суреттерді дереу жойып, жуып отыруға пәрмен береді. Егер, жуылып үлгермесе, ол вагондарды құрамнан мүлдем алып тастады. Яғни, граффити салынған, таза емес вагонды халық көрмеуі тиіс болған… Қабырғадағы граффитилерді бандалардың салып бітуі үшін  3 күн керек болатын,себебі ол суреттің кеуіп үлгеруі керек. Ал, метро басшылығы салып болған бойда дереу өшіруге кірісіп, таңертең бәрі тап-таза етіп қоятын еді.
 
1990 ж. Нью-Йорк транспорт полициясына су жаңа басшы У.Браттон келді. Ол да граффити сынды теорияны қойып,, метродағы билетсіз мінетіндермен күресуді бастайды. Ол уақыттары жасөспірімдер метроға кіретін турникеттерден секіріп  немесе  күшпен жыға кіріп кететін болған.. Бұны көрген  басқа балаларда солай жасайды, нәтижесінде қылмыс көбейеді. Ал, Браттон болса олардың барлығын ұстап, полиция бөлімшесіне апарып тіркеп, саусақ таңбаларын алып, тіпті, айыппұл төлетті.
 1994 ж. Нью-Йорк қаласының жаңа мэрі боп сайланған Рудольф Джулиани У.Браттонды Нью-Йорк қаласы полиция департаментінің басшысы етіп тағайындайды. Әрине, Уикипедияда Рудольф Джулиани алғаш рет “Сынық терезе теориясын” қолданды делінген, бірақ, бұл қате. Дегенмен, Нью-Йорк қаласын әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың бірі еткен дәл олы Рудольф екендігі күмәнсіз. 
У Браттан басшылыққа барғаннан кейін Нью-Йорк полициясы кіші қылмыспен күресті күшейтеді. Ешқайсысы кешірілмеді, ешкім жазасыз қалмады: қоғамдық жерде қоқыс тастағандарды, метроға тегін кіргендерді, ұрлықпен айналысқандарды, тіпті, жүргізушілерден қайыр сұрағандарды жазалайтын болған. Нәтижесінде қылмыс күрт төмендеген.. 1990 ж. аяғына қарай Нью-Йорк тек АҚШ-тағы ғана  емес, күллі әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың біріне айналып шыға келді. 
 
Менің пікірімше “Сынық терезе теориясы” көп қырлы. Оны тек мемлекеттік, қоғамдық деңгейде ғана емес, отбасында бала тәрбиесіне, мектепте, университеттерде, жұмыста да қолдануға әбден болады.

Қошаева Гүлмира


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз