Эссе және өлең-жыр байқауы

Болашақ журналистер бағын сынауда

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 15-16 сәуір күндері журналистика мамандығы бойынша XI республикалық пән олимпиадасы өтуде. Олимпиадаға еліміздің 17 жоғарғы оқу орнынан жас журналистер жиналды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген қатысушылар екі күн аралығында Ғалымбек Сағымбайұлы, Сая Молдайыпқызы және Гүлжайнат Жеңісқызы сынды кәсіби журналистерден құралған әділ қазы алқасы бағалайтын бірнеше сыннан өтеді. Оның бастауын "Ұлы Дала Ұлағаты" атты таныстыру кезеңі ашты. Бұл кезеңде топтар өздері және оқу орындары жайлы ақпаратты бейнесюжет немесе презентация арқылы назарға ұсынды. Таныстық аяқталған соң, шебер қалам иегерлері сөз саптау мен ойларын жеткізе білу қабілетін эссе жазу арқылы дәлелдей түсті.

Төртінші билік иелеріне керек бірден-бір қасиет - ол жылдамдық. Сондықтан да, олимпиада қатысушылары бұл қырларын  "Жедел ақпарат" атты кезеңде паш етті. Берілген қысқа уақыт аралығында мақала жазып, оны жаңалық сайттарына жариялап үлгеру кез-келген журналисттің қолынан келуі қажет.  Ендігі кезекте ақпарат майталмандары білімдерінің қаншалықты терең екендігін теория жүзінде көрсетіп, операторлық қыр-сырларын тәжірибе жүзінде дәлелдейтін болады.

Айта кетсек, бұл олимпиада жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Алдыңғы жылы Қарағанды қаласында өткен додада Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері көш бастады.

ҚазХҚжәнеӘТУ 2-курс студенттері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...