Өлең, жыр, ақындар

Дірілдекті қалай дайындауға болады?

Үйітіліп, әбден тазартылған сиырдың сирағы бірнеше бөлікке бөлінеді де кастрюльге салынып, су құйылады. Үстіне тазартылған тұтас көкөністер, ет салынып, бәсең отқа қойылады да 4 сағат бойы қайнатылады. Көбігін алып отыру керек. 4 сағаттан соң қара бұрыш, көк, лавр жапырағы салынып, тұздалады.

Дайын болған соң сіңірлері сүйектен арылтылып, оларды етпен және сарымсақтың бірнеше баданасымен бірге еттартқышпен тартылады да шұңғыл ыдысқа немесе формаға салынады. Етпен бірге піскен сәбізді және қатты етіп пісірілген жұмыртқаны оюлап кесіп, сонымен әсемделеді.

Үстіне алдын-ала сүзіп алып, дайындап қойылған сорпа құйылады да, тоңазытқышқа қойылады.

Дастарқанға әкелерде төртбұрыштап немесе қиықшалап кесіледі де үстіне көк себіледі.

Құрамы: сиырдың 1 кг сирағы, 200 грамм ет, 1 түйір сәбіз, 1 жұмыртқа, 1 түйір сарымсақ, бір буда петрушка немесе аскөк, екі-үш лавр жапырағы, 10-15 түйір қара бұрыш, тұз татымына қарай.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Әсем

осы нәрсе теріге қатты пайдалы дейді

Мерей

Холодец тері мен буын үшін өте пайдалы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз