Өлең, жыр, ақындар

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

М. Мәметова атындағы ЖОББ мектебінің  
бастауыш сынып мұғалімі: Нүркеева Аманкул Орынбасаровна

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім беру мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асады.Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұны оқушының функционалдық сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделендіріп оқыту керек.Тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.

Әрбір мұғалімнің басты міндеті - оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістер.                   

Белсенді оқыту әдістерін таңдау бірқатар факторларға тәуелді. Белгілі бір дәрежеде ол оқушылардың санымен анықталады. Көптеген оқыту әдістерін шағын топтарда пайдалану ұсынылады. Бірақ әдістерді таңдау, бірінші кезекте, сабақтың дидактикалық мақсатымен анықталады.

Сабақта төмендегі әдістерді пайдалануға болады.
1. Мәселені түсіну
2. Шешімдерді іздеу  
3. Әрекетті жеке даралау
4. Идеяларды бағалау.

Оқушыларды ақпаратты талдауға үйрету, шешімнің баламалы жолын құру, оларды бағалау, шешім қабылдау, әрекеттер бағдарламасын құру.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз