Менің таңдауым – ҚазҰУ

Армандар орындалады, мақсатың анық болса!

«Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» деп қазақтың ұлы перзенті, ғұлама Абай атамыз айтқанындай, әр адам осы өмірде өзінің орнын таба білу керек. Ал ол кірпішін қалау үшін алдына мақсат қоя білу қажет.

1934 жылы еліміздің ең алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. Он үш факультеттен тұратын университетте үш мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді. 

Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. 

Студенттер сарайында өнерлі студенттерге арналған студенттер клубы жұмыс атқарады. Студенттер клубының дарынды мүшелері талай байқаулардың жеңімпаздары. Соның бірі ретінде, «Бақыт» би ансамблін ерекше атап өтуге болады. 

Университетімізде дәстүрлі түрде «Жалын» бірінші курс таланттарын анықтау, «Студенттік көктем», КВН, «Ана тілі аруы-Жігіт сұлтаны» сияқты байқаулар жоғары деңгейде өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Оның құрамына «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, студенттер Сенаты, «Көмек» еріктілер қозғалысы, студенттер кеңесі, Болон үдерісі бо­йынша студенттік бюро, студенттердің ғылыми қоғамы кіреді. Қазіргі уақытта университеттегі барлық мерекелік іс-шаралар тікелей аталған жастардың қатысуымен өтеді. Ерекше атап өту керек тағы бір жағдай, аталған жас­тар биылғы жылы дәстүрге айналған IV Халықаралық студенттер форумын ойдағыдай ұйымдастырды. 

Ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Ғылым әлемі» сияқты конференция, форумдар ұйымдастырылып тұрады. Инновациялық жобаларға құштар, заман ағымынан қалмауға тырысатын студенттер үшін әр факультетте бизнес-инкубаторлар, университетте технопарк қызмет етеді.

Міне осындай үлкен білім ошағынан өз орнымды философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының дінтану мамандығынан таптым.Жаңадан ашылғанына қарамастан «Дінтану» көпшілікке танымал және қоғамға қажетті, сұранысқа ие мамандыққа айналып отыр. Еліміздегі «Дінтану» мамандығынабөлінгенмемлекеттік грант иегерлерініңбакалавриатбойынша 70 пайызғажуығы, ал магистратураның 100 пайызыәл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситетінің«Дінтану» бөлімінтаңдайды. Бұл кафедра ұжымына деген үлкен сенімменқатар, келеліміндеттер де жүктейді. Өйткені, тереңбілімінесайөнегелітәрбиеалғаназамат – еліміздіңжарқынболашағыныңкепілі.

ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университетінде жүргенімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.

Куратор-эдвайзер филос.ғ.к.,доцент м.а. Қаңтарбаева Ж.У

Дінтану мамандығының 4 курс студенттері: Танашбаева Гүлжанат, Хасенов Сұңғат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...