Өлең, жыр, ақындар

Адамзат тарихындағы ең қатал 6 басшы

Әрқайсымыз өмірімізде онша жақсы емес бастықтарға тап болған болуымыз мүмкін. Өз өміріңіздегі ең жаман бастықты есіңізге алыңыз. Сіз оны «дүние жүзіндегі ең жексұрын бастық» деп сипаттағаныңыз анық. Мына материалды оқып шыға салысымен, сіз қалай қателесіп жүргеніңізді түсінесіз.    

Құлиеленушілік заманынан кейінгі әлемде кәдімгі «дүниедегі ең жаман бастық» стереотипін жаңа деңгейге көтере алатын бастықтар көп болды. Осылардың бірінің қоластында істемегеніңізге қуана беріңіз...  

Джордж Пульман

Бұл кім еді?

Сіз басқа адамдарға, олар сіз үшін компьютерлік ойындарды ойнап бергені үшін, ақы төлей алатындай көп ақшаңыз болғанын ешқашан армандап көрмедіңіз бе? Джордж Пульман болса, The Sims ойынының жанды нұсқасын жасап шығарды.

Ол неге жаман болды?

Егер тарихи тұлғаны «өнеркәсіпші» деп атайтын болса, онда оған жұмыс істеудің онша жақсы болмағанын білдіреді. Бұл темір жол арқылы байып кеткен өнеркәсіп иесі Джордж Пульманға да қатысты.   

Алайда Пульман өзінің жұмыскерлерінің әкесі болғысы келді. Зорлық-зомбылық көрсетуге бейім, өте жаман, арақ ішетін әке болғысы келді. Осы себепті ол үлкен жер телімін сатып алып, ол жерге өзінің жұмыскерлеріне арналған қала салып берді. Бұлай етуінің мәні де жоқ емес. Басқаша айтқанда, бұл бірлік сезімін тудыратын. Егер осы үшін жауапты адам осынша сұмырай болмағанда, бұл іске асар да еді.  

Пульманның қаласы, көп уақыт өтпей жатып-ақ, кішігірім патшалық-түрмеге айналып шыға келді. Ол еркін баспасөзге, қоғамдық жиындарға немесе барларға тыйым салды. Ол өзінің адамдарын барлық үйлерге тазалағы мен мұнтаздай болып тұруын тексеруге жібере салатын. Пульмандық тазалық стандарттарына сай бола алмағандардың бәріне дүние-мүлкін жинауға 10 күн беріп, сосын қуып шығатын.   

Егер бұндай жағдай біреуге ұнамаса, ол жерден кетіп қалу оңай емес еді. Пульман өзінің жұмыскерлеріне өзі шығаратын ақша төлей бастады. Ол ақшаны қалада ғана жұмсап-жаратуға болатын және нағыз ақшаға алмастыруға болмайтын. Компанияның ахуалы нашарлап, барлық жұмыскерлердің жалақысын азайтып тастаған кезде жағдай ушығып кетті. Азайған жалақынының орнын толтыру үшін үйлерді жалдау ақысы мен дүкендердегі бағалар сол күйінде қалды, бұл жұмыскерлерді қауіпті қаржылық от пен су арасында қалдырды. Өрши түсіп, ереуілге ұласқан жағдай бақылаудан шығып кетіп, Одақ әскерін пайдалануға тура келді.   

Пульманның жұмыскерлері мен жақын туыстары оны иттің етінен жек көргені сондай, ол қайтыс болған кезде отбасы оны, мүрдесін ешкім қазып ала алмауы үшін, тонна-тонна бетон басып жатқан өзі болат пен бетоннан жасалған жертөлеге жерледі.   

Джон Эдгар Гувер

Бұл кім еді?

Джон Эдгар Гувер 1935 жыл мен 1972 жыл аралығында ФТБ жұмысының әр секундын құр жібермейтін директоры болды. Соның кесірінен ФТБ директоры болып қызмет ету мерзімі 10 жылға дейін болып шектелгені кездейсоқтық емес.  

Ол неге жаман болды?  

Әлем Гувердің қаншалықты жынды болғанын ешқашан біле алмай өтетін шығар. Шпиондық қам-қарекет пен сенің өліміңнен кейін жойып жіберілуі тиіс құпия құжаттарға толы бөлмелерге маманданған ұйымдағы бейсайланбалы қызметтің мән-маңызы да осында. Қайтыс болған сәтінен бастап бұл кісі туралы бірінен бірі өтетін көптеген оқиғалар айтылып жүрді. Олардың ішінде қайсысы ақиқат екенін ешкім білмейді, бірақ ол туралы айтатындардың барлығы оны жаппай қару қолданудың сәл алдында тұрған адам деп сипаттайды.   

Оның бір өмірбаянында ол ФТБ жұмыс істейтіндердің кез келгеніне кез келген уақытта телефон соғып, оларға өзінің үйіндегі бір жұмысты істеп қоюды, мысалы көккүзерді жөндеуді, тапсыратыны айтылады. Бір күні өзінің ауласында жүрген бір кішкентай аңды байқап қалып, оны жабайы аң аңдып жүргеніне кәміл сеніп, ол аңды тексеру үшін зертханаға апаруды талап еткен. Содан кейін ол ауласына тұзақ құрғызып қойып, оған көршісінің мысығы түсіп қалған.  

Ол қызметхаттардың шетіне оқып шығу мүмкін емес ескертпелерін шимайлап жазғанды ұнататын. Бір күні ол парақтың шетінде қалған бос орын өте тар болып жазылған, ескертпе жазу мүмкін емес кызметхатты алып, онда «Шекараны бақылаңыз» деп жазып қойыпты. Бұл сөздің нені білдіретінін ешкім білмеді, бірақ сұрауға ешқайсысының батылы бармады. Осы себепті бұл жолдау шекара патруліне, ол канадалық және мексикалық шекараны бақылауы үшін, жіберілді. Осы кезде Америка коммунистік партиясының лидері Гэс Холды қамауға алды. Бір апта өткен соң «Шекараны бақылаңыз» дегені парақ жиегінде көбірек орын қалдырыңыз дегенді білдіретіні анықталды.   

Сонымен қатар оның ню стилінде түсірілген фотосуреттер салынған папкасы да болды. Бұл жалаңаш түскен Элеонора Рузвельттің суреттері болатын. Бір керегі болып қалар деген ойы.  

Ол өзінің агенттерінің әр басқан қадамын аңдып, олардың қайда тұруы керек екенін, қай клубтарға бару керек екенін және қандай киім кию керек екенін айтып отыратын дейді. Ол тіпті бастары оған өте кішкентай болып көрінген агенттерді жұмыстан шығарып жібереді екен.   

Алайды Гувер кезіндегі өмір әрдайым әдеттен тыс сүйкімді болған жоқ. Бір күні Мелвис Пёрвис Америка тарихындағы ең қауіпті үш гангстерді (Нальсон балақайды, сұлу жігіт Флойдты және Джон Диллинджерді), бұл құрметті Гуверге көрсетпей, ұстап алғаны арқылы Гувердің жынын келтірді. Гувер Мелвин Пёрвис ФТБ-нан кетіп қалғанға дейін оның ығырын шығарды және оны жаңа жұмысқа тұрғызбауға тырысып бақты.   

Генри Клэй Фрик

Бұл кім еді?

Генри Клэй Фрик «Carnegie Steel Company» басшысы, сонымен бірге «Америкада жұрттың бәрі жек көретін адам» атағының менмен иегері болды.

Ол неге жаман болды?  

1892 жылы болаттан жасалса, барлық нәрсе тамаша заттай көрінетінін әлем түйсіне бастады. Фрик басшылық етіп отырған зауыттағы кәсіби одақтың келісімшартының мерзімі аяқталып келе жатты да, олар келісімшартты ұзартуды өтініп, Фриктің кабинетіне келді. Фрик темекісін тартып отырып, қарама-қарсы — жалақы мөлшерін 22% кеміту ұсынысын айтты. Кәсіби одақ бұндай ұсынысты қабылдамай қойғанда, Фрик жұмысшыларды қамап, бүкіл зауытқа снайперлік мұнаралар тұрғызды, оған қоса қайнаған сұйықтықты атқылайтын зеңбіректерді орнатты. Сонымен қатар ол тікен сымнан үлкен шарбақ тұрғызды.    

Зауыттың сыртындағы мыңдаған ызаға булыққан жұмысшы пикетке шыққан соң, Фрик оларды жалақысы аз жұмысшыларға ауыстыруды ұйғарды. Завод жанында ызалы жұмысшылардың мәселесі шешілмеген күйі қала берді. Сондықтан Фрик 300 Пинкретондарды жалдап, жиналған тобырға айдап салды.

Алайда, ереуілшілердің де пистолеттері, қарулары, динамиттері және зеңбіректері болған екен. Екі жақтан да бірнеші адам қаза болды, әскерилер келіп жеткенше, ондаған адам жараланды.

Осыдан бірнеше апта өткен соң белгісіз бір жігіт Фриктің кабинетіне баса көктеп кіріп, оны мойнынан атады. Екі рет. Алайда, Фрик орнынан тұрып, қайтарма соққы жасайды. Полиция шабуылшыны тұтқындайды да, Фрик бір аптадан соң жұмысына қайта оралады. 2,5 мың адамды жұмыстан қуып, қалғандарының жалақысын екі есеге дейін қысқартады. Ол 27 жылдан соң ғана қайтыс болады. Мүмкін, әлдекім оның жүрегіне көктеректің қазығын қадап үлгерген шығар.

Уильям Брайант және Фрэнсис Мэй

Бұлар кім еді?

Уильям Брайант және Фрэнсис Мэй «Брайант және Мэй» сіріңке фабрикасының қожайындары болған. Ұзақ жылдар бойы шылымқорлар өз қалталарында Брайант пен Мейдің сіріңкелерін ұстап жүрген. Сонымен бірге балалардың қандары мен көз жастарын арқалап жүрді.

Олар неге жаман болды?  

Англиядағы викториандық дәуір бұл қабаттасқан көшелерде шомылмаған, егеуқұйрықтармен қоректенетін, аянышты әндерді айтып, билеп жүретін балалардың уақыты болатын. Сол уақыттағы ауыз толтырып айтарлықтай қарсылыққа ие болған жүрексіз басшы болуы үшін не істеу керек еді? Міне, сіздерге Брайант пен Мэйдің әдісін ұсынамыз.

Біріншіден, жұмысқа жасөспірім қыздарды қабылдады. Олар өте көп еді, өзге амалдары болмайтын және олар басшыларын қорғасын мұржалармен ұрып тастай алмайтын. Қыздарға күніне 12 сағаттан жұмыс істеуге мәжбүрлеп, аптасына 4 шиллинг (бүгінгі бағамдаумен 20 доллар көлемінде) ғана төлеп отырған.

Істеген жұмыстары жалақыларынан көп болса да, жалақылары алатын тамақтарынан аз болса да, олар өздерінің моральді рухтарын түсірмеді, жұмыс берушілер жұмысшылардың тәртіп бұзғандары үшін ұзақ сонар айыппұл салу тізімін жасап қойды. Онда әжетханаға рұқсатсыз бармаудан бастап аяқтардың ластығына дейін барлығы болатын.

Кейде Брайант пен Мэй өзге сіріңке фабрикалары өте көп табыс табатынын байқайтын. Мұның себебі неде болуы мүмкін? Әрине, жұмысшыларды өте аз қинап отырмыз деп ойлайды! Олар сіріңкені тез тұтанатын, барлық жағынан қауіпсіз қызыл фосфордан жасайтын. Одан бөлек ақ фосфор да болатын, бұл оларға барынша арзан түсетін. Оның басты кемшілігі — қолданғанда адамның бетін ашытып күйдіру.

Шындығында мұны «фосфорлы жақ» деп атады. Бұл аурудың себебі оның түтінін ішке тым ұзақ жұтуда еді. Бұл аурудың белгілері ісікке әкеп соғатын тіс аурулары, абсцесстен және қатты іріңдеп кету салдарынан төменгі жақ сүйек шіруінен басталады. Содан кейін жылтырап, жасыл түске ене бастайды. Мұның бір ғана емі — адам қайтыс болмай тұрып, дене мүшесі жарамды болып тұрғанында кесіп тастау керек болады.

Брайант пен Мэй мұны білді. Ақ фосфордан жасалған сіріңке мен онымен жұмыс істеудің жағымсыз әсерлерін ондаған жылдар бойы білген. Фабрикадағы қыздардың кейіптерінің сұрықсыздана бастауы — шыдамдылықтың шегіне жетіп, көтеріліске шығуға әкеп соғады. Сол кездегі еңбек қайраткерлерінің назарын өздеріне аудартып, өз құқықтарын қорғап шыға алды.

Брайант пен Мэйдің компаниясы ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, өз қожайындарына көптеген табыс әкелді.

Макс Бланк пен Айзек Харрис

Бұлар кім еді?

Макс Бланк пен Айзек Харрис «Трайангл» тігін фабрикасының қожайындары мен басқарушылары болды.

Олар неге жаман болды?

Бланк пен Харрис жұмысқа арнайы түрде тек қана әйелдерді, жоғарыда айтып өткен жолдастар секілді жастау, көбінде ешқайда кете алмайды деген эмигрант боп келген әйелдерді қабылдайды. Оларға аптасына 6-7 доллар (1909 жыл үшін өте аз) ғана төлеп, кейде жұмысшылар жалақысын көтеруді сұраса, басқарушылар бұл «жындыларды» бастарынан ұрғызу үшін адамдар жалдайтын. Жеңіл өнеркәсіп жұмысшыларының кәсіподағы өзге жұмыс берушілермен келісімге отырғанда, Бланк пен Харрис болса қарсылық жасады. Бұған қосымша сыртқа шығатын басты есіктердің бірін өндірістік ұрлықты болдырмау мақсатында жауып тастайды. Кенеттен өрт шыққанда не болатынын айтпағанда, мұны да мардымсыз деп санауға болар еді.

1911 жылдың 25-наурызында айтқандай, өрт шықты. Бір ғана шығаберіс түтінге толып, отқа оранғанша, кейбіреулер шығып үлгерді. Кейбірі  кенеттен құлап кеткен апаттық есіктен шығып үлгерген. Қалғандары жабулы есіктің маңында тұзаққа түскендей тірідей жанып кете барды. Барлығы 146 адам қаза болды. Бұл Нью-Йорк тарихындағы ең сұмдық өрт болды.

Бланк пен Харристі осы қылмыс үшін соттаған болатын. Олардың бақытына орай куәгерлерге қарағанда олардың ақшалары көп болатын. Сондықтан да ол екеуі Макс Стойерді жалдап, ол тірі қалғандардың куәліктерін жыртып тастайды да, өрттің себебі ашулы еңбек кәсіподақтардың ұйымдастырғаны деп көрсеткен. Ал есіктердің жабық болғанын ешкім де дәлелдеп бере алмайды. Әрине, есікті жапқан құлыптарды табады. Ол шын мәнісінде жабық болған. Алайда мұны кәсіподақ жасай алмас па еді?

Бұл Бланк пен Харриске ыңғайлы болды. 23 отбасы «Трайангл» фабрикасындағы өрт туралы іс бойынша ұтып шықты. Олардың әрқайсына 75 доллардан, бұл сол кездегі 2 мыңнан сәл ғана аз көлемде төледі, ал қожайындар сақтандыру компаниясынан 60 мың алған болатын...

Генри Лоеб

Бұл кім еді?

Теннеси штаты, 1968-1971 жылдардағы Мемфис мэрі. 1971 жылдан бері жұмыссыз.

Ол неге жаман болды?

Үлкен қалалар негізінде қала орталағында неше түрлі суреттер салып тастайтын бейдәстүрлі сексуалдық бағыттағы суретшілердің субмәдениетінің арқасында көркейіп кетеді. Тізім бойынша бұдан кейін қала көрсететін қызмет түрлері жүреді. Және де Құрама Штаттардың қапырық әрі бықсып кеткен оңтүстігінде көшелерді қоқыстан тазарту қызметіндей қажетті қызмет түрі жоқ. Бұндай қаланың мэрі, қандай амалмен болса да, қоқыс шығарушылардың игілігі үшін барын салуға тырысады деп ойлап қалуымыз мүмкін.  

Бірақ, өкінішке орай, 60-жылдары бұлай бола қоймады, әсіресе Мемфисте. Оның үстіне ақ нәсілді бай мэр мен қара нәсілді қоқыс тазартушылар болған кезде. Қоқыс салатын бактар немесе урналар жоқ, ал «Негрлер жинай салады» атты жүйеге сүйенген адамдар әртүрлі керексіз заттарды бейберекет лақтыра беретін қалада мардымсыз ақыға қоқыс жинау жұмысын атқару бір басқа да, өзінің қаскөй болғаны себепті ғана бассыздыққа жол берген Лоеб сықылды атқамінерге жұмыс істеу мүлдем басқа нәрсе. Жұмысшылар ағаштардың көлеңкесінде тұруға болмайтын. Түскі ас-ауқатқа 15 минут берілетін. Алайда, ең жаманы қоқыс таситын машиналар еді. Ескі, ақаулы машиналар өте сенімсіз болып, жұмысшылар бұл жайында Лоебке қайта-қайта айта берді. Ақыр аяғында осы бұзық машиналардың бірі екі жұмыскерді жаншып, оларды қоқыспен бірге турап, бөлшектеп тастады.    

Жұмысшылар ереуілге шығып, қалалық кеңес қала басшылығының бұл қам-қарекеттері тіпті 60-жылдардың соңындағы Оңтүстік стандарттары бойынша да дұрыс емес деп ұйғарды. Бірақ Лоеб кеңестің ұйғарымын кері қайтарып, демонстранттарды көзден жас парлататын газ шашып, таратып жіберу үшін полицияны жіберді. Қоқыс шығарушылардың ереуілі нақ осы сәтте қалаға ондаған мың наразалық білдірушілермен бірге Мартин Лютер Кингті келтіріп, азаматтық құқықтарды талап еткен ұлттық қозғалыстың ісіне айналды. Ал Лоеб болса, әскери жағдай жариялап, Ұлттық гвардияның 4 мың адамын тартты.  

Кинг 1968 жылғы сәуірдің 3-інде қоқыс шығарушыларға арнап сөз сөйледі. Ал оның ертесі күні оны өлтіріп кетті. Кингтің өлімінен соң Лоеб те, қала да әйтеуір ереуілшілердің талаптарымен келіскенін айтып өтуге арзи ма екен. Сосын олар өз уәделерінен тайып, Лоебтің жеңілгенін мойындату үшін тағы бір ереуілге шығамыз деп қорқытуына тура келді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Ерболат

Барып бастығымның бетін сүйіп клейін)

Мұнар

Бастықтарға таратайық осындай болмасын))

Queen

Қазақстанда бұлардан да нашарлары бар, бұлар ең болмаса бір өндіріс шығарып отрыр. Бізде еш пайдасы бола тұра қаныңды ішіп жіберетіндер молшылық

Нұрым

Анда санда қатал да болу керек, бірақ ешқашан жауыз болып кетпеуіміз керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз