Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Өміріңізді міндетті түрде қиындатып беретін 9 демотиватор

Өз өміріңіздің де, айналаңыздағылардың өмірінің де ту-талақайын шығармау үшін не істемеу керек.  

1. Жұрттың мыйын ашытыңыз

Сіз адамды жігерлендіретін кітаптардың тізімін жасап, көптеген қызықты вебинарлардың сілтемелерін жинақтап, әлеуметтік желілерде табысқа жеткен кісілермен достасып алдыңыз ба? Бұныңыз бекер болды. Шынайы адам болсын, виртуалды адам болсын, оның мыйын ашытатын қызықты іс тұрғанда өзіңізді дамытуға алтын уақытыңызды қор қылып қайтесіз?   

Бұның құпиясы жоқ: әлеуметтік желілерде көбірек отырыңыз, өзекті мәселелер туралы посттарға комментарий жазыңыз, талас-тартыстың бәріне қатысыңыз.  

Бұл жерде сөзіңізге дәлелдемелердің мүлдем керегі жоқ.  Бастысы — қарсы екеніңізді білдірсеңіз болды. Талқы нысаны неғұрлым мағынасыз болса, соғұрлым жақсы.  

Сосын кез келген өзінің өнімділігін арттыруға тырысып жүрген адамды жек көретініңізді жиі-жиі айтып тұрыңыз.

2. Жинап-тазалау дегенді ұмытыңыз

Егер сіз барлық ережеге сай үйді жинап, тазалауды (яғни бұны тез әрі пәрменді істеуді) үйреніп алған болсаңыз, бұны ұмытқаныңыз абзал. Қалаймақан, ыбырсып жатқан қоқыр-соқыр, шұңғылшада үйіліп жатқан ыдыс-аяқ пен шаң-тозаң — прокрастинацияны өрбіту үшін таптырмас орта. Бізге керегі де осы болып отыр емес пе?   

3. Бір орыннан жылжымаңыз

Тауды қопарып, ақырында қалауыңызға қол жеткізуге сеп болатын «алғашқы қадам» ережесін қолданудан бас тартыңыз. Ауыз толтырып айтарлықтай нәтижесі болатын қарапайым әркеттерді істеу — бізге қол болатын нұсқа емес.  

Бір орыннан тапжылмаңыз, өмірдің қандай қиын екені, айналаңыздағылар сізге көмектесуге ешқандай құлық танытпайтыны жайлы ойланыңыз. Нашар, бір рақметі жоқ адамдар.

4. Ой-талқы жасаудан бас тартыңыз

Достармен бірге ой-талқылар ұйымдастыру арқылы проблемаларды шешуге, белгілі бір мақсат үшін біріккен және дұрыс шешімдерді табу үшін жолығатын қауымдастыққа қосылуға болады.

Алайда, өзіңмен өзің томаға тұйық болып, талқылауға қатыспай, үнсіз азап шеккен жақсы. Көр де тұр, діттеген мақсатыңа жетесің — түк те шықпайды.  

5. Күзтібені лақтырып жіберіңіз

Мақсатына апаратын жолын қадағалап, тындырылған ісін көріп шабыттану, кеткен қателіктерін талдау, еске саларлар қою және т.б. үшін табысты кісілер қағаз күнтізбелер мен электронды қосымшаларды пайдаланады.  

Олардың істегенін қайталамаңыз. Сіздің өміріңізде мәңгілік тұнжыраған дүйсенбі болсын.

6. Теледидарды көбірек көріңіз

Ояна салып теледидарды қосыңыз, шетсіз-шексіз телешоулары болып жататын драйвтік арналар болганы дұрыс. Ең жақсысы, бұл «дүниеге ашылған көздер» көп болсын — әр бөлмеде бір-бірден, ал асүйде міндетті түрде болсын.  

«Қалаулым» мен «Пендеміз ғойдың» бірде-бір шығарылымын көрмей қалмаңыз, сериалдардың кейіпкерлерімен, әсіресе серияларының саны жүзден асып кетсе, мұқият танысып алаңыз.   

Телекәкір-шүкірді жақсы сіңіру үшін мыйыңызды мейлінше ақпараттан босатыңыз.  

Айтпақшы, теледидарды түнде де өшірмей-ақ қоюға болады: танымал сериалдың құлаққа жағымды былдыры-батпағы мазасыз ұйқы үшін құтты фон болып тұрады.  

7. Нәтижеге көңіл бөліңіз

Егер сіз әйтеуір бұл жан түңілтер өмірде бірдеңеге қол жеткізуді ұйғарсаңыз, дұрыс әрекет етіңіз. Іс-әрекетке емес, нәтижеге сәп салыңыз. Ардақты арманыңыз орындалса, былай болар еді деп ойлаңыз (жалпы олай еткенде былай болар еді дегенді көбірек қолданыңыз).  

Бұдан басқасы — жоспарды пысықтау, стратегияны құру, алғашқы қадамдар, қателіктерді сараптау мен іс-әрекетті нақтылау, тиімділікті арттыру және сол сияқтылардың — мүлдем маңызы жоқ. Бұл жақсы ынталандырады.

8. Жиірек ақталыңыз

Өзіңізге неше түрлі сылтау тауып ақтала беру — өте қызықты іс. Тығыз шаруаларды ертеңге (шеберлігіңіз әбден шыңдалған кезде тіпті бірсүгінге) қалдыру үшін сіз күн сайын жаңа бір желеу таба аласыз.  

Талапты да ынталы адамдар, әдетте, ақталушылықты жаман әдет деп біледі және өз бақытын түсінбей, ол әдеттен арылғысы келеді.  

9. Жақсы әдеттерден бас тартыңыз

Әдеттер тек қана жаман, зиянды болуы тиіс. Бүкіл бір жүйені құра отырып, өзін дамытып-жетілдіретіндер әлдебіреу спортзалда терлеп-тепшіп жаттығып жатқан кезде диванда жатқаннның қандай рахат екенін білмейді. Фастфуд қандай дәмді, қандай жұғымды еді, шіркін, жалқаулық қандай жанға жағымды еді…  

Жаман әдеттер сіздерге өздері келіп жабыса қалады, ол үшін ештеңеге тырысудың қажеті жоқ. Олардың ғажаптығы да осыда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Ардақ

Дұрыс айтылған сөздер

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...