Бумын (кытай жазбаларында Ту-мынь кахань) (т.ж.б. — 553 ж.) — Түрік қағандығының негізін қалаушы қаған (542 - 553 жж. билік еткен), Ашина тайпасынан шыққан. Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына дейін жужандардың қоластындағы Темір кенін өндіріп, соларға қару-жарақ соғумен айналысатын бодан ел болған. Түркілердің басшысы болған әкесі өлгеннен кейін, VI ғасырдың ортасынан бастап мұрагерлік жолмен Бумын таққа отырады. Қытай жазбаларында Тумын қаған, түркі ескерткіштерінде Бумын қаған деп атайды. Бумын қаған түркілердің басын біріктіріп, Түрік қағандығын құрады. Бумынның тұсында түркілер әскери жағынан күшейіп, Қытайдың Чжоу мемлекетімен сауда қатынасын орнатады. 545 жылы Вэй империясы оларды мойындап, елші жібереді. 546 жылы Тұрфандағы телілердің бір бөлігін бағындырады. 552 жылы Бумын қаған бастаған түрік әскерлері жужандармен соғысып, жеңіске жетеді. Осыдан бастап түркі жұрты Алтай өңіріндегі солтүстік қыр өлкесінің қожасына айналады. Бумын қаған «елхан» лауазымын алған соң көп ұзамай қайтыс болады. Таққа баласы Қара Ыссық хан келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Нұрғали несібел
Мен бумын туралы білгім келеді
Белгісіз
Бумын қай мемлекетті басқарды
Өтініш осыған жауап бересіз дер ма
Түрік елін баскарды
Түрік елін баскврды