Барды бағалап, барында əрекет етіп қалыңыздар

Уақыт ырқы сізге де, бізге де бағынбақ емес. Ол адамзатқа бағынар болса, əлемді əлдеқашан əділетсіздік жайлап, өмірдің қадірі қалмай қалған болар еді. Сол үшін, ешқашан уақытты өзіңізге тəуелді етуге тырыспаңыз. Онымен дос болыңыз. "Бекер бетпақтық" танытпай, сыйыса біліңіз. "Уақыт емдемейді" деген бос түсінігі қуыс кеуделердің. Уақыт емдейді. Тек адамның санасының ықпал етуімен. Əлбетте, еш іс тындырмай аяқты аспанға көтеріп, диваннан тұрып пульт алуға ерігіп жатар болсаңыз, ол да ештеңе емдемейді. Қасарысу онда жоқ деймісіз?! Жаратылғандардың барлығында да мінез бар. Əлемдегілерді бардың бəріне өзгеше көзбен қарауға тырысыңыз. Уақытты да, бақытты да, табиғатты да тірі тіршілік иесі деп санаңыз. Онымен араңызды көп нəрсе байланыстырады ғой?! Демек, сыйыса білу керек. Реализмге бой тіреңіздер. Ақиқатты қабылдай алыңыздар. Тағдыр сырғиды, уақыт жылжиды, мезгіл ауысады. Жаңа келген жылды да, жаңа мезгіл, жаңа айды да махаббатпен қарсы алыңыз. Өткен айға есеп беріңіз. Уақытты сыйлаңыз. "Сыйға сый" бұйырар. 

Күн суыды. Табиғаттың да мінез көрсетер шағы басталды. Оны да көтере біліңіз. Өзімшілдікке баспаңыз. Онда да мінез бар тұнып тұрған. Əр сəтті сүйіп, əр сəттен лəззат алыңыздар. Бұл - өміріңіздің қайта келмес бөлшегі ғой?! Ертең оянатыныңызға кім кепіл? Барды бағалап, барында əрекет етіп қалыңыздар. Суықтап қалмаңыздар. Жылытатын адамдарыңыз болған күнде де жылы киініп жүріңіздер!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...