Өлең, жыр, ақындар

Менің пәлсапам ғой бұл!

Философия ма керегі ?!  Өмірді шексіз деп кім айтты саған, өмір қысқа жарығым шексіз көрме!
Сағым болған, санаулы сәттерден құралған тұнықтық сииволымен тұспа тұс келгендегі тағдырдың маған берген сәскелік асы кәні?.. Бұлдыр ғаламның тұнжыраған босбелбеулері мен желөкпелері менің миымды шимайлады. Үздіксіз тығырыққа тіреген өмір сілемдеріне бағынатын менің кішіпейілдігім жоқ. Үміттің үлбіреген нәзік гүлін сұмдықпен жалғастыру адам ішіндегі ассистентерімен келісу нәтижесінде жүргізген сынақтәжірибелер... Иә, маған кедергі келтіріп жүрген сүмелек сұмпайы сезімдер... Міне осы... 
Мөлдірлік ұғымының лайланғаны қашан... Сана деңгейінен жоғары тұратын ассистент пікірін тыңдау бұл заман дерті болдыма... Бәлкім адамзаттың дұрыс деп тапқаны шығар...әрине... Кәусар сезімдердің миллиондаған сынақтәжірибе шырмауында, "үмітсіздік" үзілмеу үшін дегбірсіз еңбектенуі, түршіккен денеме ыстық леп ұрған, сана имансыздығына әкелетін допингтерше қанға әсер етуі менің құсқымды келтіреді. Ал сол жанның кешкісін кұлыптап кеткен аудиториясы таңмен ашылып, іштегі жойқын леппен өзіне соққы боларын кім біліп жатыр. Ассистенттердің жымиған сұмпайы көздері мені арбап, әрі таңдандырады... Ал сіз ше, сіздің де ассистентіңіз мені арбамауына кім кепіл...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз