Несеп жолдарының тас ауруы

Нефролитиаз әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың, соның ішінде тұқым қуалаушылықтың, әсерінен болатын несеп жолдарында тастың пайда болуына әкелетін зат алмасу ауруы. Ауру айтарлықтай белгі бермей, бел аймағының ауруымен не бүйрек ұстамасымен өтеді.

Эпидемиологиясы

Ауру жер шарының барлық аумағында кездеседі және қазіргі кезде белес алып келе жатқан аурулардың санатында. Кей жерлерде эндемиялық түрде кездеседі. Урологиялық аурулар ішінде несеп жолдарының қабуынан кейін екінші орында. Тас байлану адамның әр жастағы кезінде пайда болуы мүмкін. Соның да ішінде еңбекке жарамды (30-55 жас) кісілердің арасында жиі кездеседі.

Топтамасы

Тас аурулары қатарында олардың минералогиялық атаулары қолданылып жүр. Жоғары дәлдіктегі тексеру арқылы сырқаттың 44 химиялық түрі анықталды. Түрлерінің көптігіне қарамастан оларды химиялық касиетіне қарай негізгі үш топқа бөлеміз: Олар:

1. Несепқышқылды тастар;

2. Кальций-оксалатты тастар;

3. Фосфатты тастар.

Іс жүзінде медицинада тастардың 11 химиялық түрі ерекше маңызға ие. Карбонат кальций, оксалатты және фосфатты тастар органикалық емес, ал несеп қышқылды, цистиінді және ксантинді тастар органикалық. Кездесу жиілігіне байланысты:

— Несеп қышқылды тастар 2,3 тен 44 % дейін;

— Оксалатты және аралас тастар 50-70 % дейін;

— Кальций-фосфатты түрі 0,3-18,9 % дейін кездеседі.

Этиологиясы мен патогенезі

Уролитиаздың пайда болуының бұл тұрғанда ортақ тұжырымы жоқ. Пайда болуының әртүрлі қиын жолдары бар. Түптеп келгенде химиялық түрлілігімен ерекшеленетін полиморфты ауру. Тастардың пайда болуына тікелей әсер ететін зат алмасу бұзылыстары, гиперурокимия, гиперурикурия, гипероксалурия, гиперкальциурия, гиперфосфатурия және несеп қышқылдығының өзгеруі. Сыртқы әсер етуші факторларға:

— Ауа райы;

— Топырақтың геологиялық құрылымы;

— Су мен флораның химиялық жағдайы;

— Тамақтану тәртібі;

— Тұрмыстық жағдай жатады.

Тас пайда болуда маңызды орын алатын жай — адамдардың пайдаланатын азық-түлігінің қуаттылығы, жануар майы, тұзды тағам, құрамында кальций, қымыздық, аскорбин қышқылдарының деңгейі жоғары тағамдар және адам ағзасындағы А, В тобы дәрумендерінің жетіспеушілігі.

Ішкі этиологиялық факторлар да әр түрлі. Мысалы, несеп жолдарының қабынуынан кейін пайда болатын ағзаға кажетсіз фибрин талшықтары, ұйымалар, жасушалық детрит келе-келе тас кристалының орталығына айналады. Тас пайда болу мен әртүрлі ауыр жарақат салдарынан ұзақ төсек тартудың арасында да байланыс бар. Сонымен қатар адамның ішек-құрылыс, бауыр мен өт жолдары аурулары да айтарлықтай әсер етеді. Нефролитиаз дамуында адамның жасы мен жынысы да маңызды. Ауру әйелдерге қарағанда ер адамдарда үш есе көп. Ағзадағы несеп жолдарының туа пайда болған ақаулары да (даму аномалиясы, қосалқы қан тамырлар) сырқат туындауға сеп болатыны бар.

Клиникасы

Несеп жолдарына тас байлануының негізгі клиникалық көріністері: бел аумағындағы ауысыну, көбіне ұстамалы түрде, гематурия (зәрге қан араласу), пиурия (зәрге ірің араласу), дизурия (несеп шығуының әртүрлі бұзылыстары), тастың өз бетімен шығуы және анурия (мүлдем зәр шығуының тоқтауы). Бұл белгілер балаларда тұрақты емес.

Несеп жолдарындағы тастарды анықтау

Осыдан 20 жыл бұрын тас байлануды анықтаудың жалғыз жолы рентген тәсілдері болатын. Жоғары дәрежелі ультрадыбыстық зерттеу құралдарының пайда болуы жағдайды айта қаларлықтай өзгертті. Бұл күндері тас ауруын нақтамалау ультрадыбыстық зерттеуден басталады.

Ультрадыбыстық әдістермен емдеу

Ультрадыбыстың әсері үзіліссіз және импульсті. Үзіліссіз әсер ету кезінде ол бір ағыммен, ал импульсті кезінде арасына уақыт салып әсер етеді.

Қазіргі кезде ультрадыбыспен бүйрек, несепағар, қуықтағы және өттегі тастарды уату мүмкіндігі бар.

Тәжірибе жүзінде ультрадыбысты тек диагностикалық емес, емдік әдіс ретінде пайдалануға болатындығы, үгіту арқылы тастарды кішірейтіп шығаруға болатындығы анықталды.

Г. М. Сариева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...