Өлең, жыр, ақындар

Біздің психикамыздың жұмысы туралы қызықты 4 факт

Біздің ойлау жүйеміз мінсіз емес, онда үлкен қателіктер мен олқылықтар жетіп артылады. Іріктеп алған біздің психикамыздың жұмысы туралы қызықты 4 фактіні оқып шыққан соң, адамдар қалайша байыптап әрекет ететініне таң қалуыңыз мүмкін.

Біздің қысқамерзімді жадымыздағы ақпараттың сақталып тұру уақыты 20 секундты құрайды, ал егер біз оны қайталамасақ, тез арада ұмытылып кетеді. Соңғы деректерге қарағанда адам бір уақытта ойында ақпараттың ары дегенде 7 блогын ұстап тұра алады. Бұл біз жадымызда тек жеті цифрлық мәнді сақтай алатынымызды, егер сан үлкенірек болса, оны есте сақтау қиындық тудыратынын білдіреді. Осы себепті, есте сақтауды оңайлату үшін, телефон нөмірі бірнеше цифрлық блокқа бөлінеді.  

Оқуға кеңес береміз:

Есте сақтауға арналған бұл 7 әдіс ой-өрісіңізді кеңейтеді

Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық

Жаңа мәліметті еске сақтаудың үздік әдісі

Заттарды сіз қалай көретініңіз бен олардың шын мәнінде қандай екенінің айырмашылығы жер мен көктей. Біздің мыйымызды алдау оп-оңай, бұны Кембридж университетінің психологтары тәжірибе арқылы дәлелдеп берді. Қоңырау соғылғаннан кейін студенттер дәрісханадан кетіп бара жатқанда бір кісі басқа бір кісіге пышақпен ұратындай қолын жұмсайтын көрініс қойылды, бірақ бірінші кісі қолында пышақты емес, кәдімгі бананды ұстап тұрған еді.  Бұдан кейін «тәртіп бұзушыны», студенттерді сендіру үшін, полиция ұстап алып кетті-міс. Студенттерден сұрастырған кезде олардың 95% шабуылдаған кісінің қолында пышақ болғанын көргендерін айтып, тіпті қауіпті қаруды толықтай сипаттап берді. Бұл біздің сырттан келетін ақпаратты тікелей қабылдамайтынымызға, оны біздің мыйымыздағы сақтаулы тәжірибеміз бен есімізде қалған деректер арқылы өңдеп тастайтынымызға байланысты. Адамдардың көпшілігінің санасында бұндай қимыл қолға пышақ немесе басқа өткір зат ұстап ұрумен байланысып қалған, сондықтан мыйымыз нақты жағдайды өзіндегі ұғымдар арқылы бейнелеп берді.  

Оқуға кеңес береміз: Психологиялық тәжірибелер

Сәби шағымызда ата-аналарымыз өз қалағандарымызды дереу қанағаттандырудан бас тарту қабылетін біздің бойымызға сіңіріп тастайды да, белгілі болғанындай, бұл қабілет біздің ары қарайғы өмірімізге қатты ықпал етеді. Бұл пайдалы дағдыға кішкентай кезінен бастап машықтанған адамның зейіні көбірек дамыған болады және ол стрессті оңай ықтыра алады. Бұндай адамдар ыждаһаттылығы мен шыдамдылығы арқасында оқу барысында ақпаратты жақсы меңгереді.

Оқуға кеңес береміз:  Адамдардың өмірде көп жіберетін 5 қателігі

Психологтардың тұжырымдауынша, егер біз жақсы әдетті немесе тиімді мінез-құлық мотивін қалыптастыруды қаласақ, оған кем дегенде 70 күн қажет етіледі. Дәл осындай уақыт аралығында біздің қалыптасқан дағдымыз бекіп болады. Сондықтан, егер сіз таңертең спортпен шұғылдануға дағдыланғыңыз келсе, бүгін бастап кеткеніңіз жөн. Жаңа дағдыны бойыңызға дарыту барысында бір-екі күн үзіліс болып қалса, ештеңе етпес, бірақ одан асып кеткен демалыс барлық еңбегіңіз еш кетеді.  

Оқуға кеңес береміз:

Күніне бірнеше минут қана бос уақытың бола тұра, өзіңді және өз өміріңді қалай өзгертуге болады

Ми және денсаулық


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз