Өлең, жыр, ақындар

Әбікен Хасенов

Әбікен Хасенов (1895 - 1958) — дарынды актер әрі күйші-сазгер, Тәттімбеттің дәстүрін жетік меңгеріп, өнерін жалғастырған шертпе күйдің шебері. Ол Қарағанды облысында дүниеге келген. Әбікен 1934 жылдан М. Әуезов атындағы мемлекеттік драма театры сахнасында ұзақ жыл еңбек етеді. Қызмет ете жүріп, күйшілік өнерін де қатар жалғастырады. Оның терең ойлы «Қоңыр күй» туындысы қазақ өнері тарихында ерекше орын алған.

Әбікен Хасеновтың актерлік, күйшілік шеберлігі бағаланып, сазгерге «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді.
Ә. Хасенов дүниеге келген аудан орталығында оның есімімен аталатын музыка мектебі бар. Онда қабілетті балалар тәрбиеленуде. «Таланттың өнері өшпейді» деген осы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз