Өлең, жыр, ақындар

Қазақта қара сөзге дес бермеген

        Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса- деп бабаларымыз бекер айтпаған. Біздің ата- бабаларымыз сөздің  майын тамызған  тілмәш шешендер болған. Жайлауда қара жаяу мал бақса да, мектеп табалдырығын тоздырып , кітап бетін ақтармаса да білімге жетік болған. Осындай бабаларымыздың жолын қуатын жас ұрпақтар көп болса ел үшінде, ұлт үшінде бір ғанибет. Бабалар жазған қара сөздің сиясы бүгінде әлі кеппеген. Атап айтар болсақ қазақ елі ғана емес әлем жұрты танитын ұлы ақын- Абай Құнанбаев. Абайдың қара сөзін білмейтін қазақ жұртында адам жоқ деп мақтана аламын.Абай салған ұлы жолмен , Абай айтқан ұлы сөздің киесімен жүрген мына біздердің мақсатымыз айқын, қадамымыз нық.

 Өз заманының ойшылы Абай. Жас ұрпақты ғана емес, өзімен замандастарды да, тіпті жолы үлкен жандарды да бір ауыз қара сөзімен түзу жолға салған, бағыт-бағдар берген ғұлама. Халықтың жағдайын, әлеуметтің, ана мен баланың, іні бауырдың, әке мен бала жағдайы секілді нәрселердің барлығын жіпке тізіп айтқан.Соның бірі жетінші қара сөзі  өмірімнің соңына  дейінгі бағыт болған іспеттес. Адамның санасы мен ойы, мақсаты мен мұраты туылған шақалақ кезден басталатынын атап көрсеткен.Бұл өмірден бос кетуді емес, аз болса да бір нәрсені ұғып өтуді, ішсем, жесем – деп емес, көрсем, білсем, ұқсам деген оймен күн кешуді түсіндірген.  Шынықсаң шымыр боларсың – демекші бұл өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп шыңдалу арқылы, іздену арқылы биік белесті бағындыратынымзға сенуіміз керек.

Қара жаяу Жаяу Мұса, Үкісімен танылған Үкілі Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Қожа Ахмет Яссауи, Ж.Баласағұни секілді ғұламалар ағарту ісімен айналысқандар, жас ұрпақтың қамыр жегендер. Атап айтқан ойшылдарымыз бергі шеті ғана.Қазақ елінде  япырам-ай деп мақтанатындай ұлылар өте көп.

 Орыс саяхатшысы Потанин өз сөзінде «Қазақ халқы ғана емес,қазақ даласы да ән мен жырға бөленіп тұрғандай» деген мақтау сөзбен қазақ елінде қара сөзбен қатар ән мен күйде дамығанын айта аламыз.Сөйлей білу де өнер.Қазақы қаймағымызды жоғалтпас үшін, жаңа технологиялар мен білімді жетік меңгеру үшін бабалар салған ұлы жолмен жүру керек. Сөзің құдіреті- жүректің тазалығы.Халықтың айтуынша нағыз шешен, нағыз ақын ғана күліп тұрған адамды жылатады, жылап тұрған адамды күлдіреді.Қазақ халқының қанында мұндай қасиет байырғы кезден бар. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін халық ауыз әдебиетімен сусындаған десек қателеспейміз.Біздің ұлттығымызды, тіліміз бен дінімізді сақтайтын ұлы сөз екенін, тіл екенін ешқашан қаперімізден шығармауымыз керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз