Өлең, жыр, ақындар

Бейімбет Майлин

Бейімбет Майлин Қостанай уезіне қарасты Дамбар болысындағы Әйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан әкесінен айырылып, анасының тәрбиесінде болған. Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп көрген. Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі «Уәзифа», Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған.

Бейімбеттің шығармалары — қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек әрекеттерін бейнелейді. Ақынның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан» атты өлеңдері әйел теңдігін, «Кемпірдің ертегісі» — 1916 жыл оқиғасын, «Бөліс» — жер бөлісін, «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» ертегі желісі арқылы адам әлемін суреттейді.

«Шұғаның белгісі» атты прозасында достық, махаббат сезімдері және осы жолдағы күрестер көрсетіледі.

Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Жасырын жиылыс», «Қос қақпан», «Амангелді», «Біздің жігіттер» және т.б. шығармаларында өмір талаптары және адамның тағдыры қызықты да көркем баяндалады. Б.Майлиннің әдеби мұрасы бай мазмұнымен, көркемде шеберлік сипаттарымен қазақ әдебиетінде ерекше орын алады.

Оқуға кеңес береміз:

Бейімбет Майлин шығармалары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз