Өлең, жыр, ақындар

Достыма

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 12006
Бұлтты кетір ойыңнан,
Жазды шығар бойыңнан.
Ақылың болса айныма,
Өз жасаған тойыңнан.

Бәрі қызық мереке,
Ашуланба, ереке.
Өз қақпаңды аштың деп,
Кім қылады келеке?

Кімде жазық ойласаң,
Өкпелеймін қоймасаң!
Баяғы түрге бір келіп,
Мен разы ойнасаң.
Қапаға жоқ тіпті жөн,
Ақылың болса сөзге көн.



Пікірлер (2)

айкоркем даоълабаева

маган катты унаны тамаша

Пікір қалдырыңыз

Түспейді жазсам жазу қара тасқа

  • 1
  • 1

Түспейді жазсам жазу қара тасқа
Ауырлық түсті биыл біздің басқа.
Биенің құлынындай жарасушы ем,
Айрылдым мен әкемнен жеті жаста.

Толық

Айтыс

  • 1
  • 1

Сен кімсің семіз, толық тән жағынан?
Өгіздей бар шығарсың әл жағынан.
Көрінген көрнегіңнен, жүрісіңнен,
Топастығың білінген әр жағынан.

Толық

Жұмбақ

  • 3
  • 1

Қара дария жердің жүзін алып жатқан
Қаз бен қу суын ішпей қанып жатқан.
Суына тек тұмсығы тиіп кетсе,
Саңқылдап жер жүзіне сөз таратқан.

Толық

Қарап көріңіз