Өлең, жыр, ақындар

Ақ көжек.

Ақ көжек .

Әжеммен бірге  үй жануарларын сататын базарға бардым .Аралап келе жатып, екі көзі  қып-қызыл, өзі кішкентай , аппақ көжекке көзім түсті.Сатушы  ақ көжектің қара ала мысықпен және сары күшікпен бірге сатылатынын айтты .Менің көңілімді қимаған әжем үшеуін бірге сатып алды .Ақ көжекке әкем екеуіміз күрке салдық.Бақшада ақ көжек жоңышқаға барып, бір мезгіл  асыр сап ойнайтын болды .Ал қара ала мысық пен сары күшік  есік алдында ақ көжекке қарап  жататын.Бір күні таңертең күркенің  есігі ашық қалып , ақ көжек  жоғалып кетті, іздеп таппадық.Мектепке  бара жатқанымда  есік алдында еркелеп аяғыма оралатын қара ала  мысығым мен  сары күшіктің  де мазасы жоқ , екеуі екі бұрышта  көңілсіз күйде жатып қалды .Ақ көжектің жоғалғанына да екі ай уақыт өтті .Бір күні жаздың апатап ыстығында , сәкі үстінде  масаханада  жатқан едім .Сары күшігімнің үргені  түнгі  тыныштықты бұзды .Қарасам , қарсы алдымда  ақ көжегім отыр .Орнымнан тұрғанша , ақ көжегім  томпаң- томпаң  етіп  тіземе  келіп жата қалды .Ол жалғыз  емес екен, жанында  төрт  көжегі бар .Қара ала мысығым  мен сары күшігімнің қуанышында шек жоқ ., ақ көжекті айналып жүгіріп  жүр .Бір - бірлерін сағынған екен.Мен ақ көжегімнің адалдығына таңғалдым .Содан бері ақ көжекті қара ала мысық пен сары күшік қарайлап жүретін болды .Үй жануарларының бір-бірін іздеп , түсініп , бауыр басып қалғандығы  көрініп тұр .


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз